Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің  сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2023 жылғы 14 мамырға тағайындалсын.
  2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2023 жылғы            6-шы сәуірден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы                      18-ші сәуір жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Темірбек Жүргенов ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2023 жылғы 23-ші сәуір жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  4. Осы қаулы Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

    Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С.М.Таласбаев

 

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      С.Ә.Рампеилов

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2023 жылғы 05 сәуір,

№ 10

Дата публикации
05 апреля 2023