Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап айтты.

Осыған байланысты, Әйтеке би ауданы әкімдігімен, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» аясында, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылып, бекітілген жоспарға сәйкес комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілді.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жыл сайынғы жұмыс жоспарын бекітіп, әр тоқсан сайын өз жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Жоғарыда айтып өткен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық» бағдарламаның күші жойылып, «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілді.

Аудан әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу шараларын күшейту бағытында әкімдікке қарасты жергілікті атқарушы органдар бойынша мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек ұдайы көрсетуге, түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіп отыруға мүдделі.

Тұжырымдаманы орындау мақсатында Әйтеке би ауданы әкімдігі жанындағы комиссия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл салаларында заңнамаларының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет департаментімен бірлесіп құқықтық оқыту семинары өткізуге, мемлекеттік қызметшіге және  азаматқа жеке консультативтік көмек көрсету бойынша шаралар ұйымдастыруға 2023 жылға жоспар құрып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында халықпен тікелей кері байланыс болу мақсатында және «Сенім телефонының» жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту үшін қазіргі таңда 87133922239 нөмірі жұмыс жасайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүргізілетін құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізу мақсатында мемлекеттік органның инстаграм парақшасында атқарылған жұмыстар жөнінде жариялануда.

Дата публикации
04 марта 2023