Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1-тармағына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Әйтеке би ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы және шешімді ресми жарияланғаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.