Әйтеке би ауданық мәслихатының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №152 «2022 - 2024  жылдарға  арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әйтеке би аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы №152 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

         1)  кірістер –  42 543 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 136 мың теңге;

трансферттер түсімі – 41 407 мың теңге;

2)  шығындар – 42 615,6 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – -72,6 мың теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
72,6 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 72,6 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
21 ноября 2022