Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 145  «2022-2024  жылдарға  арналған Ақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 145 шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 26 734 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 958 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 280 мың теңге

 трансферттер түсімі –25 496 мың теңге;

 2) шығындар – 26 779,2 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -45,2 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
45,2 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 45,2 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
21 ноября 2022