Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Әйтеке би аудандық мәслихатының «Әйтеке би ауданы бойынша 2022-2023 жылдары жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» 2022 жылғы 29 наурыздағы №162 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
Ақкөл, Ақтасты, Аралтоғай, Тұмабұлақ, Әйке, Жабасақ, Жамбыл, Темірбек Жүргенов, Қайрақты, Қарабұтақ, Құмкұдық, Қызылжұлдыз, Сарат, Сұлукөл, Үшқатты ауылдық округтері бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың 4-қосымшасындағы «Бір ауыл шаруашылығы жануарына су тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларының 9-тармағына сәйкес айқындалады» абзацтағы сөздер «Бір ауыл шаруашылығы жануарына су тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге» сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) анықталады» сөздермен ауыстырылсын.
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы шешімді Әйтеке би ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.