Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 142 «2022-2024  жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы

№ 142 «2022-2024  жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 142 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 123 650,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 6416,0 мың теңге;

трансферттер түсімі –117 234,8 мың теңге;

2) шығындар – 123 741,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 90,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
90,4 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 90,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әйтеке би аудандық

мәслихаттың хатшысы:

 

 

 

Е.Б.Таңсықбаев

Дата публикации
18 ноября 2022