Әйтеке би аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 11 қаңтардағы №146
«2022 – 2024 жылдарға арналған
Аралтоғай ауылдық округ бюджетін
бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 146 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 39 481,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 3555 мың теңге;
трансферттер түсімі – 35 926,2 мың теңге;
2) шығындар – 39 675,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -194,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
194,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 194,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Әйтеке би аудандық мәслихаттың хатшысы: |
|
Е.Б.Таңсықбаев |