Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданық мәслихатының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №144 «2022 - 2024  жылдарға  арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 ЖОБА

  Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Әйтеке би аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы №144 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

          1)  кірістер – 49 749,5 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 10 775,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 38 974,5 мың теңге;

2)  шығындар – 49 831,9 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -82,4 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
82,4 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 82,4 мың теңге;

  3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9- бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

 Аты-жөні

Дата публикации
08 сентября 2022