Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 153 «2022– 2024 жылдарғаарналған Сарат ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 153 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін::

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2022-2024 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

         1) кірістер – 30 039,5 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 255 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 350 мың теңге;

трансферттер түсімі –27 356,5 мың теңге;

2) шығындар – 30 078,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу −  0 теңге,

4)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо−0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит) − -39,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)−39,2мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары–39,2мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы

 

 

Е. Тансыкбаев

Дата публикации
07 сентября 2022