2022 жылдың 1 тоқсанда (ақпанда) өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

2022 жылдың 1 тоқсанда (ақпанда) өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынан түскен

сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы

 

2022 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша

 

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда)

Әйтеке би ауданы

1.      

Әйке ауылына кіре беріс жолына Әбілқайырхан көшесінен бастау алатын жері көктем кезінде жүруге қиындығына байланысты жолды дұрыстау.

ЖСҚ дайын. Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.

Орындалуда

2.      

Толыбай ауылында интернет желісі болмауына байланысты кең жолақты интернет (wi-fi) байланысын орнату

 

Кең жолақты интернет байланысы 1 мамыр 2022 жылы орнатылды.

Мердігер мекеме - «Сапателеком».

Қаржыландыру - аудандық бюджет есебінен

Орындалды

3.      

Ұлғайсын ауылына медициналық пункт салу                                                              

                            

Медициналық пункт салу жұмыстарын аяқтау шілде айына жоспарланып отыр,қазіргі таңда жұмыстың 80% жасалды.

Мердігер мекеме – «Стройкомпюсервис» ЖШС

Орындалуда

4.      

Ұлғайсын ауылы көшелерін жарықтандыру                                                                

                               

Ұлғайсын ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша ЖСҚ әзірленді , «Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не ұсыныс берілді.

Жұмыстары қыркүйек айында басталады

Орындалуда

5.      

Милы ауылы тұрғындарын сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету

 

«Әйтеке би аудандық экономика және бюжеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не Милы ауылына КБМ орнату үшін бюджеттік өтінім жолданды.

Орындалуда

6.      

Талдысай орта мектебіне газ кіргізу

 

Талдысай орта мектебіне газ кіргізу бойынша ЖСҚ әзірленді. Мемлекеттік сараптама қаралуын жоба әзірленуде

Орындалуда

7.      

Талдысай ауылындағы бөгеттен жазғы маусымда бау бақшаларға су тарту.                                        

 

Көктемгі уақытта бөгетте су тоқтату жұмыстары жүргізілді, ауыл тұрғындары үшін бөгет жанында бау-бақша егуге мүмкіндігі қарастырылған

Орындалуда

8.      

Талдық ауылындағы ұялы байланыс желісі жұмыстарын аяқтау                                           

 

Интернет желісі қондырылды, Мердігер мекеме - «Сапателеком».

 

Орындалды

9.      

Талдық ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету

 

Талдық ауылына кешенді блок-модуль орнату үшін 18 002,2 мың теңге қаражат бөлінді.

Орындалуда

10.   

Аққұм ауылында балабақша ашу

 

Ғимарат сатып алу мәселесі қарастырылуда

Орындалуда

11.   

Аралтоғай ауылының көшелерін жарықтандыру

 

Аралтоғай ауылының көшелерін жарықтандыру бойынша «Sogdis» ЖШС-мен келісім шартқа отырылды.

Жұмыстары шілде айының екінші жартысында басталады

Орындалуда

12.   

Жабасақ ауылына газ тарту                                                      

 

Жабасақ ауылын газ тарту 2025 жылға жоспарланған

Орындалуда

13.   

Жабасақ – Құмқұдық көтерме жолы бойындағы көпірін күрделі жөндеу.

                           

"Светлый-Құмқұдық-Жабасақ-Байжанкөл" аудандық маңыздағы автомобиль жолының 41+494 шақырымында орналасқан көпірді күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Орындалуда

14.   

Қарабұтақ-Ақкөл  жолын салу.                                             

 

ЖСҚ дайын. Мердігер мекеме «Niger»ЖШС. Нысан 3 участкеге бөлінген. Жобаның жалпы құны-1 153,6 млн теңге. РБ және ОБ қаржыландырылады. ҚМЖ басталуы 01.05.2022ж. Аяқталуы-31.08.2023ж

Орындалуда

15.   

Темірбек Жүргенов ауылының  Желтоқсан көшесіндегі жолды жөңдеу

 

Темірбек Жүргенов ауылының  Желтоқсан көшесін орташа жөндеуге «Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі жобалық сметалық құжаттама дайындауда.

Орындалуда

16.   

Темірбек ауылының тұрғыны, І-топ мүмкіндігі шектеулі азаматтың үй мәселесін шешу

 

Өтініш берілген кезден бастап тізімдерд белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.

Орындалуда

2022 жылдың 1 тоқсанда (ақпанда) өткен кездесулер барысында қала және аудан тұрғындарынан түскен сұрақтарын іске асыру жөніндегі жоспарларының орындалуы
Дата публикации
15 июля 2022