Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 152 «2022-2024 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы

№ 152 «2022-2024  жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 152 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2022-2024 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 35 734 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 1 136 мың теңге;

  трансферттер түсімі –34 598 мың теңге;

  2) шығындар – 35 806,6 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 72,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
72,6 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 72,6 мың теңге.»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9- бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.».

Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
20 июня 2022