Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы №162 «Әйтеке би ауданы бойынша 2022-2023 жылдары жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімнің 1 тармағымен бекітілген 1-15 қосымшалардың 4 қосымшаларының бірінші абзацындағы «Бір ауыл шаруашылығы жануарына су тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен бекітілген жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларының 9-тармағына сәйкес айқындалады» деген сөздер «Бір ауыл шаруашылығы жануарына су тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге» сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) анықталады» деген сөздермен ауыстырылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.