Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 153 «2022– 2024 жылдарғаарналған Сарат ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 27 539,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер − 923 мың теңге;
трансферттер түсімі –26 616,5 мың теңге;
2) шығындар – 27 578,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу − 0 теңге,
4)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо−0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) − -39,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)−39,2мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары–39,2мың теңгекөлемінде орындауға қабылдансын.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мәліметке және басшылыққа алып, «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
4) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.».
|
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Е. Тансыкбаев |