Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 145
«2022-2024 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 25 734 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1027 мың теңге;
трансферттер түсімі –24 707 мың теңге;
2) шығындар – 25 779,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -45,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
45,2 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 45,2 мың теңге»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9- бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Әйтеке би аудандық мәслихат хатшысы |
|
Е.Б.Таңсықбаев |
|
|
|