Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 155 «2022-2024  жылдарға  арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба

 

Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 155

«2022-2024  жылдарға  арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 155 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2022-2024 жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 22 793,3 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 632 мың теңге;

 трансферттер түсімі –22 161,3 мың теңге;

 2) шығындар – 25 514 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2 720,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
2 720,7мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 720,7 мың теңге»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мәліметке және басшылыққа алып, «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының  9 бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
15 июня 2022