Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы №149
«2022 – 2024 жылдарға арналған Жамбыл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Жамбыл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 149 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Жамбыл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 26983,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2667 мың теңге;
трансферттер түсімі – 24316,6 мың теңге;
2) шығындар – 27042,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -58,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
58,6 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 58,6 мың теңге»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мәліметке және басшылыққа алып, «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9 бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |