ЖОБА
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданық мәслихатының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №144 «2022 - 2024 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Әйтеке би аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы №144 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер – 45 249,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5 558 мың теңге;
трансферттер түсімі – 39 691,5 мың теңге;
2) шығындар – 45 331,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -82,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
82,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 82,4 мың теңге;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9- бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.
2022 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;
2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |