Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 142 «2022-2024  жылдарға  арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы

№ 142 «2022-2024  жылдарға  арналған Қарабұтақ ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер

мен толықтыру енгізу туралы

 

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 142 шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 119 516,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 9718 мың теңге;    

трансферттер түсімі –109 798,8 мың теңге;

2) шығындар – 119 607,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 90,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
90,4 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 90,4 мың теңге.»;

3-тармақ келесі мазмұнмен толықтырылсын:

 «2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы:

 

 

Дата публикации
13 июня 2022