Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 142 «2022-2024  жылдарға  арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы №142

«2022 – 2024 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 142 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «1. 2022-2024 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

  1) кірістер – 119 864,4 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 9718 мың теңге;

  трансферттер түсімі – 110 146,4 мың теңге;

  2) шығындар – 119 954,8 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – -90,4 мың теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
90,4 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 90,4 мың теңге»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының  9- бабына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.

2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әйтеке би аудандық

мәслихат хатшысы

 

 

 

Е.Б.Таңсықбаев

Дата публикации
16 июня 2022