Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданық мәслихатының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №147 «2022 - 2024  жылдарға  арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданық мәслихатының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №147 «2022 - 2024  жылдарға  арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әйтеке би аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы №147 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

          1)  кірістер – 31 232  мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 1 541 мың теңге;

трансферттер түсімі – 29 691 мың теңге;

2)  шығындар – 31 246,7 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – -14,7 мың теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
14,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 14,7 мың теңге;

           3-тармақ келесі мазмұнмен толықтырылсын:

         «2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 теңге;

2) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 теңге болып белгiленсiн.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

 

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шешім
Дата публикации
10 июня 2022