Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылдық округінің тұрғындары жиналысының ХАТТАМАСЫ

Темірбек Жүргенов ауылы                        №1                            «23» мамыр 2022 жыл

Жергілікті уақыт 17⁰⁰

 

Жиналыс төрағасы: С.К.Тампишев

Жиналыс хатшысы: А.Б.Әкімбай

Жиынға қатысқандар: жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауыл тұрғындары,

№2 көше тұрғындары. Барлық қатысқан адам саны – 29

Жиналыстың күн тәртібі:

1.Темірбек Жүргенов ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы.

Хабарламашы - Темірбек Жүргенов ауылдық округінің әкімі С.К.Тампишев.

Құрметті ауыл тұрғындары! Бүгінгі жиынның күн тәртібіндегі сұрақ - Темірбек Жүргенов ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы.

Жергілікті қоғамдастық кеңесінен Темірбек Жүргенов ауылы атаусыз көше атауын «Қайрат Рысқұлбеков» көшесі деп өзгертуге ұсыныс түсіп отыр.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру» қағидасына сәйкес, Сіздердің пікірлеріңізді ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы Темірбек Жүргенов ауылындағы атаусыз көше атауын өзгертуге жиналып отырмыз.

 

Ұсынылып отырған:

 

  1. Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков(13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.

1973 – 1981 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 1983 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.

1986 жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты.

Жетістіктері

Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.

Сөз сөйлегендер:

Ергабылов Зауырбек – Қоғамдастық кеңесінің төрағасы, ауыл тұрғыны: Саламатсыздарма, құрметті бүгінгі жиналысқа қатысушылар. Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков көшесі ауылымызда болатынына өте қуаныштымын. Қолдаймын.

Рахметов Еламан – Зейнеткер, ауыл тұрғыны: Мен сол атаусыз көшеде тұрамын, Көшемізге Қайрат Рысқұлбеков атауын берсе жақсы болар еді деп ойлаймын. Көшемізді Халық қаһарманының атымен атаса көшемізді барынша таза ұстап, Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтың атына ескерткіш қоюға ықпал етер едік. Қолдаймын.

Муканова Актоты - ауыл тұрығыны: Көшемізді осындай тұлғалы азаматтың атымен атаса дұрыс болар еді деп есептеймін. Қайрат Рысқұлбеков «Халық қаһарманы», еліміздің егемендігі үшін жанын берген азамат ретінде бәріміз білеміз. Қолдаймын.

 

Бүгінгі жиынның күн тәртібі бойынша:

Темірбек Жүргенов ауылының атаусыз көше атауын «Қайрат Рысқұлбеков» көшесі атауын өзгерту бойынша дауыс бергендер: қолдағандар: 40,                  қарсы болғандар жоқ, қалыс қалғандар  жоқ.

 

Жиынның шешімі:

  1. Аудандық ономастикалық жұмыс тобының және облыстық ономастика комиссиясының кезекті қарауына Темірбек Жүргенов ауылындағы атаусыз көше атауын «Қайрат Рысқұлбеков» көшесі атауын беру ұсынылсын.

 

 

 

Жиналыс төрағасы:                                                       С.К.Тампишев

 

Жиналыс хатшысы:                                                      А.Б.Әкімбай

Дата публикации
24 мая 2022