2022 жылғы 11 қаңтардағы № 143 «2022-2024  жылдарға  арналған  Темірбек Жүргенов ауылдық  округі бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы

№ 143 «2022-2024  жылдарға  арналған  Темірбек Жүргенов ауылдық  округі бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

 

Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған Темірбек Жүргенов ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 143 шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  «1. 2022-2024 жылдарға арналған Темірбек Жүргенов   ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 109 790,9 мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 27 453 мың теңге;

  трансферттер түсімі – 82337,9 мың теңге;

  2) шығындар –  120 753,2 мың теңге;

  3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

  4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

  5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10962,3 мың теңге;

  6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
10962,3 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10962,3 мың теңге.»;

3-тармақ келесі мазмұнмен толықтырылсын:

«2022 жылғы 1 сәуірден бастап:

           1)Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін              айлық есептік көрсеткіш – 3180 теңге;

           2) Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 37 389 теңге болып белгіленсін»:

           көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

 

Аты-жөні

Дата публикации
01 июня 2022