Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының  Сарат ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының 

Сарат ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

2022 жылғы 15 мамырда Әйтеке би ауданының ауылдық округі әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Сарат сайлау округі

Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 285 азамат енгізілді, олардың 238-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Қ.Бекбенбетов – 43; А.Т.Сәтбай – 18; Т.Е.Түкібаев – 175.

Талғатбек Еркінұлы Түкібаев, 1991 жылы дүниеге келген, «Сарат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Сарат ауылдық округінің Сарат ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Сарат ауылдық округінің әкімі болып сайланды

 

        

 

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімімен 2022 жылғы 16 мамырда сайланған Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімін тіркеді.

 

 

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
16 мая 2022