Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармағына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауы жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

1) Сарат сайлау округі – Сарат ауылдық округі аумағының шекараларында;

 

  1. Сайлау округінің шекарасы және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

  

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С. Таласбаев

 

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      Ә. Әбдіғалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2022 жылғы 15 сәуір,

№ 11

Дата публикации
15 апреля 2022