Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы  Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің  сайлауын тағайындау туралы

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің

 сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 15 мамырға тағайындалсын:
  2. Сарат ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 16-сәуірден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы                      29-сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Сарат ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 04-мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  4. Осы қаулы Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

 

    Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С. Таласбаев

 

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      Ә. Әбдіғалиев

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2022 жылғы 15 сәуір,

№ 10

Дата публикации
15 апреля 2022