Әйтеке би ауданы Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауын 2022 жылғы 15 мамырға тағайындау туралы хабар

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының хабары

2022 жылғы 15 сәуірде Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би ауданының Сарат ауылдық округінің әкімінің сайлауы 2022 жылғы 15 мамырға тағайындады.

Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылды.

Сарат ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

Сарат ауылдық округі әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 16 сәуірден басталады.

Дата публикации
15 апреля 2022