Әйтеке би  ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Әйтеке би  ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының  4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1- тармағына   сәйкес,  Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына  сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
  2. Әйтеке би ауданы әкімдігінің №152 8 қыркүйек 2017 жыл «Әйтеке би ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» қаулысының күші жойылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                             Д.Ермағанбетов

Дата публикации
06 апреля 2022