ЖОБА
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық
мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 143
«2022 – 2024 жылдарға арналған
Темірбек Жүргенов ауылдық округ бюджетін
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 143 «2022-2024 жылдарға арналған Темірбек Жүргенов ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін, 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
1) кірістер – 95 869,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 27 453 мың теңге;
трансферттер түсімі – 68 416,2 мың теңге;
2) шығындар – 95 869,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10 962,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
10 962,3 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10 962,3 мың теңге»;
көрсетілген шешімдегі қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Лауазымы Аты-жөні