Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданық мәслихатының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №147 «2022 - 2024  жылдарға  арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 ЖОБА

 

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданық мәслихатының 2022 жылғы 11 қаңтардағы №147 «2022 - 2024  жылдарға  арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы №147 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

          1)  кірістер – 26 130  мың теңге, оның ішінде:

  салықтық түсімдер – 1 541 мың теңге;

трансферттер түсімі – 24 589 мың теңге;

2)  шығындар – 26 144,7 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -14,7 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
14,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 14,7 мың теңге;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
04 апреля 2022