Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 146 «2022 – 2024 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 146 «2022 – 2024 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың  «2022-2024 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 11 қаңтардағы № 146 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2022-2024 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

 1) кірістер – 31 833,9 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 2606 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 29 227,9  мың теңге;

 2) шығындар – 32 028,6 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -194,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
194.7 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 194,7 мың теңге»;

        көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
30 марта 2022