Әйтеке би ауданы бойынша 2021 жылдың 4 тоқсанға арналған
мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша талдамалық анықтама
Есептік кезеңде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ-нің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 3-06/742-И хатына сәйкес аудан бойынша мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша тікелей эфирде онлайн жәрмеңкелер 5 және 19 қазан, 2 қараша күндері 3 рет өткізілді. Жәрмеңкеде аудан бойынша көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіріліп, тұрғындар сұрақтарына жауап берілді.
Сонымен қатар, мекемелердің қызмет көрсетуге жауапты мамандармен кеңес өткізілді. Жиында мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі кемшіліктерді жою, сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар еңгізу мәселелері талқыланды. Қараша айында 2 рет мекемелердің қызмет көрсетуге жауапты мамандармен семинар кеңес және аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен жиналыс өткізілді, 1 рет Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірігіп аппарат қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі кемшіліктерді жою, сапасын жақсарту, ұсыныстар енгізу және ішкі бақылау есебін сапалы толтырып тапсыру, электронды үкімет порталы арқылы қызмет алу және қосымша сервистерді пайдалану бойынша мәселелері талқыланды.
Есепті кезең ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласы бойынша аудан әкімдігі сайтында 5 мақала жарық көрді.
«Әскерге шақыруды кейінге қалдыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 16 өтініштен бас тартылды;
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қараша айында 2 өтініштен бас тартылды:
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қараша айында 1 өтініштен бас тартылды:
Аудан бойынша 4 қызметкер Фирма «Конструктивное решение» ЖШС –нен біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, сәйкесінше сертификаттар алды
Қазіргі таңда халық арасында электрондық қызметтерді алудың маңыздылығы мен тартымдылығын түсіндіру, оның ішінде "электрондық үкімет" веб-порталын, "Telegram-bot" және "E-Govmobile" мобильді қосымшаларын пайдалану, көрнекі-қабылданатын ақпараты бар брошюраларды тарату бойынша ақпараттық жұмыстары жүргізілуде.