Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындысы

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Әйтеке би ауданының жергілікті бюджетінің тиімді жоспарлануына және атқарылуына, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асырылуына, жергілікті бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдалануына мемлекеттік аудит.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты:

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың, сондай-ақ бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаудың тиімділігін бағалау.

Аудандық бюджеттің орындалу тиімділігі.

Бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджеттің жоспарлануының және атқарылуының, ауданның аумақты дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуының тиімділігі.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен өзге міндетті төлемдердің есептеу толықтығын және олардың уақытылы түсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ  жергілікті бюджетке артық (қате)  төленген салықтарды  қайтарудың және (немесе) есепке алудың дұрыстығы.

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» ММ, «Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Үшқатты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Ақтасты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Әйтеке би ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Целинник» мәдениет үйі» МКҚК, «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімі» ММ, «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ, «Жабасақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Әйтеке би аудандық қаржы бөлімі» ММ, «Әйтеке би аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» ММ, «Әйтеке би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Т.Жүргенев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ, «Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Сарат ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ аудит жүргізілді.

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін аралығы (қажет болған жағдайда басқа да кезеңдер).

Дата публикации
18 марта 2022