Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының  Қарабұтақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының 

Қарабұтақ ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

2022 жылғы 13 наурызда Әйтеке би ауданының ауылдық округі әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Қарабұтақ сайлау округі

Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1907 азамат енгізілді, олардың 1533-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 22.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ж.Ж.Айтуғанов – 282; К.М.Байдрахманов – 1065; Ж.Ә.Оразбаев – 164.

Кеңшілік Мырзалыұлы Байдрахманов, 1985 жылы дүниеге келген, «Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Қарабұтақ ауылдық округінің Қарабұтақ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған. Қарабұтақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды

 

        

 

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 14 наурыздағы шешімімен 2022 жылғы 13 наурызда сайланған Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі әкімін тіркеді.

 

 

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 марта 2022