Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, салық салу және сату мақсаттары үшін Әйтеке би ауданының елді мекендеріндегі жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекараларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9 бабына және Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 510-бабының сәйкес, Әйтеке би  аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, салық салу және сату мақсаттары үшін Әйтеке би ауданының елді мекендеріндегі жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекараларын 1-16 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  2. Әйтеке би ауданының жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 17 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы шешімді Ақтөбе облысының  Әділет департаментінде  мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың                               Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы                                             хатшысы

Дата публикации
10 марта 2022