Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде

сайлау округін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармағына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:

 

1) Қарабұтақ сайлау округі - Қарабұтақ ауылдық округі аумағының шекараларында;

 

  1. Сайлау округі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

  

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С. Таласбаев

 

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      Ә. Әбдіғалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2022 жылғы 11 ақпан,

№ 03

Дата публикации
11 февраля 2022