Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 13 наурызға тағайындалсын:
- Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 12-ақпаннан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 25-ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Қарабұтақ ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 02 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С. Таласбаев
Әйтеке би аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Ә. Әбдіғалиев
Темірбек Жүргенов ауылы,
2022 жылғы 11 ақпан,
№ 02