Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының хабары
2022 жылғы 11 ақпанда Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылдық округінің әкімін сайлауды 2022 жылғы 13 наурызға тағайындады.
Қарабұтақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
2022 жылдың 13 наурызға тағайындалған Қарабұтақ ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2022 жылғы 12 ақпаннан басталады.