«2021 жылы Үшқатты ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы» Үшқатты ауылдық округі әкімінің хабарламасы

 

«2021 жылы Үшқатты ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы туралы»

Үшқатты ауылдық округі әкімінің хабарламасы

 

Үшқатты ауылдық округі бойынша халық саны – 342 адам, мектепке дейінгі бала - 5, мектеп жасындағы - 36, зейнеткерлер – 21, мүмкіндігі шектеулі адам - 2. экономикалық белсенді халық – 278, оның ішінде тұрақты жұмыс жасайтындар – 51. Әлеуметтік объектілерден Үшқатты орта мектебі, «Бөбек» балабақшасы, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, медициналық пункт, әкімшілік бар.

Ауылдық округ аумағында 2 ЖШС, 5 шаруа қожалық, 2 жеке кәсіпкер бар. 2 бөлшек сауда дүкені бар. 2021 жыл қорытындысы бойынша жеке тұлғалардан мүлік және жер салығы 364595 теңгеге, Көлік салығы бойынша заңды тұлғалардан - 11668 теңге, жеке тұлғалардан - 199625 теңге салық түсті.

Жеке және заңды  тұлғалардан түскен арыз-өтініштер

        

2021 жылдың 1 желтоқсанына жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 9. Барлық келіп түскен өтініштер толық қанағаттандырылды.

 

Байланыс және ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсету

 

2021 жылы «Кселл» АҚ 3G жоғары жылдамдықты мобильді интернет желісін орнатты.

Ауылдық округ әкімдігі ғимаратында Электронды Үкімет порталы арқылы қызметтерді алу үшін өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

1 пошта қызметкері қызмет етеді, ауыл тұрғындары арасында баспасөзге (газет-журнал) жазылу толығымен орындалды. Ауылдық округте қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

 

Елді мекендерді көркейту:

 

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша осы жылдың маусым айында 4 адам тазалық жұмысына (Бикмагамбетов А, Кубашева А, Акпанова А, Жумаш Н) тартылды. Бөлінген қаражат толығымен инерілді.

Ағымдағы жылы көгалдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. 20 түп сирень мен 20 түп үйеңкі отырғызылды.

Қазақстан  Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен елімізде «Бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізілді. Сонымен қатар ауыл маңынан 9 тонна қоқыс шығарылды, тазалау жұмыстары жұргізілді. «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында жалғыз басты көп балалы отбасыларға көмектерін тигізді.

 

Ауыл шаруашылығы саласы

 

Мал шаруашылығы саласына келетін болсақ, ірі қара мал саны 178, қой-ешкі 199 бас, жылқы 8 бас, үй құстары 813 басты құрады.

2021-2022 жылдары мал қыстату кезеңіне қажетті мал азығы 90 % дайындалды.

 

 Ветеринария

 

Мал дәрігерлік қамту шаралары бойынша жоспардағы белгіленген аурулардың барлық түрлері бойынша  алдын алу-емдеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.Бруцеллез ауруы анықталмады.

 

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

 

 «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының 01.12.2021 жылға орындалуы:

1 бағыты – техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету бойынша 2 адам (жоспар -2) оқуды аяқтады.

2 бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Бастау-Бизнес» 1 адам мемлекеттік грант  алып, 2 бас ірі қара мал (өз ауласында) сатып алды.

Мемлекеттік мекемелер бірыңғай электрондық еңбек биржасына тіркеліп, бос орындар туралы ақпараттар енгізілді. Барлық мекемелерге азаматтарды жұмысқа қабылдау аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізілуде.

 

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

 

Үшқатты ауылдық округі бойынша құқық тәртібін Әйтеке би аудандық полиция бөлімінен  учаскелік полиция инспекторы қамтамасыз етеді. Учаскелік полиция инспекторы әр аптаның сәрсенбі күндері мониторингтік  топ мұшелерімен бірге сауда орындарын аралап, короновирустық инфекцияға қарсы алдын алу шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Төтенше жағдайлар саласы:

Үшқатты ауылдық округінде болатын дала өрттерін сөндіруге арналған ерікті өрт сөндіру жеке құрамы 7 адамнан құралған.

Өрт сөндіру құрамы жаңа аспалы су бүріккіш өрт сөндіргішімен, 5 күрекпен өрт сөндіруші арнайы киімі және каскасымен, 20 дана қолдан жасалған өрт сөндіру сапалақтарымен қамтылған.

 

Білім беру және мәдениет, денсаулық

 

Жалпы орта білім беретін мектепте 36 оқушы білім алады. Мектеп бітіріп кәсіби және жоғарғы оқу орындарына түспей қалған түлектер жоқ.

Ұстаздар саны – 18.  І санатты – 1, ІІ санатты – 5, сарапшы – 7, модератор – 5. Мектептегі компьютерлер саны - 32, бір компьютерге 1 оқушыдан келеді. Негізгі мәселе – педагог кадрлардың тапшылығын шешуде география, математика, дене шынықтыру, музыка пәні мұғалімдері(5 мұғалім) шақыртылып, жұмыс жасауда. Дипломмен ауылға бағдарламасымен 1 (математика) мұғалімі (Дуйсенова Диана) жұмысқа қабылданып, 1 200 000 мың теңгеге үй сатып алынды.

 «Бөбек» МДҰ-да педагог саны – 2. Тәрбиеленушілер саны – 5.

Ауылдық округте  ауылдық клуб, ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді.

Ауылдық кітапханада – 570 дана кітап қоры, оның ішінде мемлекеттік тілде 420 дана кітап бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша: диспансерлік есепте тұрғаны – 10 (ересек – 10), тегін дәрі дәрмек алатыны – 10. Осы кезеңде дүниеге келген бала – 3. Флюротексеруден жоспарлы өтеді, соңғы жылдары туберкулез ауруына шалдыққандар жоқ. Үшқатты ауылдық округі бойынша короновирус инфекциясымен ауырғандар жоқ.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, жарна төлейтін тұрғындарға түгендеу жүргізіліп, статусы анықталуда.

 

2022 жылға  қойылған тапсырмалар мен мақсаттар:

 

1.Т.Жүргенов пен Теміржолшылар көшелерін жарықтандыру

  1. Көшелер мен алаңдарды қоқыстан тазалау
  2. Спорттық алаң орналастыру

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 декабря 2021