Тұмабұлақ ауылдық округі әкімі Б.С. Жакуповтың «Тұмабұлақ ауылдық округінің 2021жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» есепті баяндамасы.

Тұмабұлақ ауылдық округі әкімі Б.С. Жакуповтың

«Тұмабұлақ ауылдық округінің 2021жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» есепті баяндамасы.

 

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы

№190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары   ректорларының  халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығын жүзеге асыру мақсатында Тұмабұлақ ауылдық округінің әкімінің есебін ұсынамын.

Тұмабұлақ ауылдық округі  аумағында екі елді мекен бар. Тұмабұлақ және Сарыбұлақ ауылдары. Ауылдық округтің жер көлемі – 505 144 га. Барлық халық саны - 850 адам. Округ бойынша 29 – жеке шаруа қожалығы,                          26 – жеке кәсіпкер тіркелген. Ауылдық округ аумағында «Қазпочта» бөлімшесі, цифрлы «Қазақтелеком» байланыс желісі, сонымен қатар ұялы байланыс операторлары «Актив», «Билайн» және «Сапа телеком» интернет желісі  жұмыс жасайды. Елді мекенді орталықтандырылған су құбырымен «Қайнар» мекемесі ауыл  тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.Өткен жыл бойынша аудан орталығымен жол қатынасы тұрақты болды. Көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жол бойындағы су ағарлар қардан уақытында тазартылды.

Округ көлемінде әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 5 адам қабылданды.  Жастар практикасына 3 адам,  қоғамдық ақылы жұмысқа 36 адам және «Жасыл ел» жастардың еңбек жасағына 7ауыл жастары жұмысқа алынып, санитарлық тазалық жұмыстарына тартылды.Мекемелер аулаларына гүлдер мен ағаш көшеттері отырғызылып, оның өсуі күтімге алынды.

      2021 жылы Тұмабұлақ ауылына «Актив» ұялы байланысы 3G желісі, Сарыбұлақ ауылына «Сапа телеком» интернет желісі тартылып, елді  мекен  халқы  жүз  пайыз  қосылды. Сонымен қатар Сарыбұлақ ауылына балалар ойын алаңы орнатылды.

       200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі грант  бойынша С. Жақыпбаев  ірі қара мал сатып алды. Екі  жеке  кәсіпкер  «Асуғарин М» және «Жұбатова Н» алты  пайыздық  жеңілдікпен  несие  алды.      

Ауыл  шаруашылығы бойынша:

     Округ халқының негізгі  тыныс тіршілігі - мал шаруашылығы.

2021 жылдың 1 қаңтарына  округте  9700 бас қой-ешкі, 3256 бас ірі қара, 3012 бас жылқы есепке алынды. Жеке тұрғындар  мен  шаруа қожалықтарының мал азығын дайындау  үшін 23 трактор  агрегаттары жұмылдырылып малдың қысқы азығын дайындау  жұмыстары  жүргізілді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» «Сенім» шаруа қожалығы 12,5 млн теңге несие алып 300 бас уақ жандық  малын, «Базарбек» шаруа қожалығы 12,0 млн теңге несиеге 70 бас ірі қара, «Айдын-Жүрек» шаруа қожалығы 36 бас ірі қара, «Муса» шаруа қожалығы «Әулиекөл» асыл  тұқымды ірі қарадан 100 бас  сатып  алды. «Динара» шаруа қожалығы «Агрокредит корпорациясы» арқылы 12,0 млн теңге несие алып  50 бас ірі  қара  малын  сатып алды. «Айдын-Жүрек»  шаруа  қожалығы  құдық (ұңғыма) қаздырып алды.

Мал бордақылау алаңдарына «Әліби», «Ізен», «Аю», «Сұлтан», «Жиделі бұлақ» шаруа қожалықтары 523 бас ірі қара малдарын (бұқашықтар) тапсырды.

Мал басын асылдандыру бойынша«Ак Теп» ЖШС-нен 28 бас бұқа жалға алынса, «Жиделі бұлақ» шаруа қожалығы 3 бас, «Аю» шаруа қожалығы 2 бас Әулиекөл,«Айдын жүрек», «Мадияр» шаруа қожалықтары 2 бас Ақбас бұқаларын, «Муса» шаруа қожалығы 35 бас және «Динара» шаруа қожалығы 5 бас асыл тұқымды қошқарларын  өз қаражаттарына  сатып  алып табындарына қосты.

Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бойынша:

         Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы «Ізен», «Базарбек», «Айдын-Жүрек», «Сенім» және «Алуа» шаруа қожалықтары МТЗ-80 тракторларын және «Динара» шаруа қожалығы  шөп шабатын агрегатын сатып алды.  «Әліби», «Ізен», «Жиделі бұлақ», «Береке», «Динара», «Аю» шаруа қожалықтары Ақтөбе қаласында және аудан орталығында өткізілген ауылшаруашылық  жәрмеңкелеріне  белсене қатысып, арзан бағамен өз  өнімдерін  өткізді.

Ветеринария бағыты бойынша:

Округ аумағында мал  ауруларының алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, мемлекет тарапынан бөлінген вакциналар толығымен  егілді. Мал басы бірдейлендіріліп компьютерлік базаға енгізілді. 2021 жылы Тұмабұлақ ауылдық округі бойынша бруцеллёз ауруына шалдыққан 13 бас мал тіркеліп, уақытында тиісті жеріне тапсырылып, мал қораларына дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік сала бойынша:

Сыйымдылығы 200 орындық ауылдық клуб, кітапхана қызметкерлері халыққа қызметтер көрсетеді. Ауылдық кітапхана жылма-жыл жаңа кітаптармен толықтырылуда. Оқырмандар саны – 720 адам, кітап қоры – 9000.  Басқұдық орта мектебінде 133 оқушы білім алуда, 30 мұғалім жұмыс жасайды. Мамыт негізгі мектебінде 40 оқушы білім алуда, мектепте 13 мұғалім жұмыс жасайды. Округте 25 орындық бүлдіршіндерге арналған «Мөлдірбұлақ» МДҰ бар, 4 тәрбиеші маман, 11 кіші қызметкер жұмыс жасайды.

Денсаулық сақтау  саласы  бойынша 3-керуеттік ауылдық дәрігерлік  амбулаторияда 1 дәрігер, 2 мейірбике жұмыс жасайды және тұрғындардың денсаулығын сақтау барысында лайықты қызметтер көрсетуде.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Сарыбұлақ ауылы азаматтары «Сапа телеком» интернет желісін тартуға мұнара (вышка) қондырып берді.     

2001 жылғы мектеп түлектері орта мектепке спорт құралдары мен шөп шабатын (газонокосилка) алып берді.

«Біз біргеміз» акциясы аясында ауыл азаматтары Абдилдин Асылжан, Ташаманов Самалбек, Убайдуллин Кенжебек, Садыков Сәнімгүл, Қиялов Ғани, Жолшора Алмас, Есқалиев Марат және  1997 жылғы мектеп түлектері отын – су, азық – түлік  түрінде 450 000 мың теңге көлемінде    қайырымдылықтар жасады. Азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

 

2022 жылға арналған міндеттер:

      Ауылдық округ бойынша шағын және орта кәсіппен айналысамын деген азаматтарды мемлекеттік бағдарламаларға қатыстырып, қолдау көрсету, жұмыс жасамай тұрғандарының белсенділігін арттыру,тұрақты жұмыс орындарын ашу және салық базасын ұлғайту жұмыстарын ұйымдастыру;    

      Жалпы өңірдің ауылшаруашылық салаларын мемлекеттік бағдарламаларға қатыстырып, дамуына  қажетті жағдай жасау.

 

 

Дата публикации
22 декабря 2021