Сұлукөл ауылдық округі әкiмi Қ.Б.Жақияевтың
«2021 жылғы атқарылған жұмыстары мен ауылдық округтің әлеуметтiк-экономикалық дамуы және алға қойған міндеттері туралы» есепті баяндамасының тезистері
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 жарлығын іске асыру мақсатында Сұлукөл ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығара отырып, атқарылған жұмыстардың орындалуы жөнінде есебімді ұсынамын:
2021 жылғы есепті кезеңдегі ұсыныстар мен сұрақтар бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы:
Бюджет саласы бойынша
Ауылдық округ бойынша салық базасын кеңейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылға барлық салық жоспары – 585000 теңгені құрап, 400 000 астам орындалды. 2021 жылы «Жергілікті өзін-өзі басқару шотына» түскен қаражат көлемі – 400 000-нан астам теңгені құрайды. Игеру бойынша – 370 000 теңге көше жарықтандыруға электр қуатын жеткізуге игерілді.
Ауыл шаруашылығы бойынша
Мал шаруашылығы. Ауылдық округ аумағында 5 жеке шаруа қожалығы тіркелген. 400 тонна шөп жиналды, 40 тоннасы халыққа сатылды. ЖШС «QAZAQSTAN MINING COMPANY» мекемесінің демеушілігімен 40 тонна, жеке шаруашылықтың көмегімен 60 тонна қоқыс шығарылды.
ТОО Алтынсарино мекемесінен 30 үйге 531 орам шөп, 20 тонна жем түсірілді. Аз қамтылған 3 отбасыға 18 тонна шөп ауылдағы ШҚ-ның демеушілігімен тегін берілді. «Бенкала» учаскесінде орналасқан «Қаражыра» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, ауыл тұрғындарына қысқы маусымға қажетті 2 вагон (140 тн) көлемінде қатты отынмен қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша
Мал басын көбейту мақсатында Ғани ШҚ 30 бас жылқы, ауыл тұрғындары 53 бас ірі қара сатып алды. ТОО «Алтынсарино» мекемесіне Қарлығаш ШҚ 34 бас, Азамат ШҚ 10 бас бұқашық малдарын тапсырды.
Әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт
Сұлукөл ауылдық округі бойынша 78 отбасы бар, халық саны- 392, 115 жас зейнеткер, 186 әлеуметтік белсенді халық. 2021 жылы дүниеге келген 9 бала. Округте аз қамтылған отбасылар жоқ. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 6 адам. 2020 жылмен салыстырғанда халық саны тұрақты, қайтыс болғандар саны – 2.
Ауыл жастарын спортқа бейімдеу, салауаттылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектептің спорт залында аптаның сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері спорттық шаралар тұрақты атқарылуда(футбол,воллейбол,қазақ күрес)
Елді мекенді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары
Ауылдық округ бойынша көктемгі – күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығына іс-шара қабылданып, (келісімдері бойынша) жұмыстар атқарылды.
«Таза бейсенбі» атты сенбілік жұмыстары жүргізілді, сенбілікке ауыл тұрғындары, жастар белсене қатысты. ЖШС «Qazagstan Mining Company» мекемесінің демеушілігімен 70 түп қайың, 10 түп шырша ауылдық саяббақа отырғызылды.
«Туған жерге тағзым» түлек акциялары бойынша
2021 жылы аталған акция аясында ауылдық округте демеушілер және тұрғындардың қатысуымен ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Сұлукөл ЖОББМ спорт залына еденің бояуға 150 000 теңгеге көмек көрсетіп, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2013 жылғы мектеп түлектері құны 145,000 теңгеге мемлекеттік рәміздер бейнеленген (жарықтандырылған) стенд сыйға тартты.
«Туған жерге тағзым» акциясы 2001 жылғы мектеп түлектері 650 000 теңгеге ауылдың саябағына «I LOVE SULUKOL» жазуы бар стеллоны орнатты.
2021 жылы ауыл жастары 150 000 теңгеге Д.Қонаев, Амангелді көшелеріне майда тастар төккізді. 2022 жылға мал азығына су тапшылығы болмасын деп ЖШС «QAZAQSTAN MINING COMPANY» мекемесінің демеушілігімен ауыл маңындағы 2 бөгет толықтай бөгелді.
Әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым бойынша:
Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында, елді-мекеннің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Сұлукөл ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты, ауыл толықтай таза ауыз сумен және интернетпен қамтылған. Осы жылы ТОО «СпецДиагностика» мекемесімен 1420,000 теңгеге ауылдың кірер жолына орташа жөндеу жүргізуге жобалық сметалық құжаттамасы жасалды.
Шағын және орта кәсіпкерлік, әлеуметтік қолдау,
жұмыспен қамту
Округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолында жұмыстар атқарылуда. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық округте кәсіпкерлікті дамыту бойынша жоспарлар құрылды. Тұрғындарға шағын несие алып кәсіппен айналысуы үшін әрбір жиындарда нақты түсіндіріліп, жүзеге асуда. Округте 1 дүкен тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Жұмыспен қамту бойынша 2021 жылы 6 адам қоғамдық ақылы жұмысқа орналасты
Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 3 жас маман 6 ай мерзімде жастар практикасынан өтті.