Сарат ауылдық округінің әкiмi Т.Е. Түкібаевтың «Сарат ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» есепті баяндамасының тезисі

Сарат ауылдық округінің әкiмi Т.Е. Түкібаевтың

«Сарат ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» есепті баяндамасының тезисі

 

Сарат ауылдық округі бойынша халық саны – 520 адам, мектепке дейінгі бала - 58, мектеп жасындағы - 84, зейнеткерлер – 40, мүмкіндігі шектеулі адам - 12. экономикалық белсенді халық – 334, оның ішінде тұрақты жұмыс жасайтындар – 220. Әлеуметтік объектілерден Сарат орта мектебі, «Ақ көгершін» мдұ, ауылдық клуб, ауылдық кітапхана, медициналық пункт, әкімшілік және ауа райын бақылау станциясы бар.

Ауылдық округ аумағында 1 өндірістік кооператив, 9 шаруа қожалық, 14 жеке кәсіпкер бар. 2 азық түлік дүкені, 1 шаруашылық тауарлары дүкені, тұрғындар қажеттілігіне қарай диірмен жұмыс жасайды, жоғары, бірінші сұрыпты ұн шығарады.

 

Инфрақұрылымдық даму

Әйтеке би ауданы Сарат ауылында су құбырлары желісінің құрылысы жұмыстары аяқталып, 3 ауыл тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты.                      78 тұрғын үйге, 5 әлеуметтік объектіге, 5 кәсіпкерлік субъектілеріне су құбыры тартылып, пайдалануға берілді. Мердігер – «Алтын Айдарлы» ЖШС. Жоба құны – 259 259 016,24 теңге.

«Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Сарат ауылына жеткізуші және ауылішілік газ құбырының құрылысы» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына 664,471 млн теңгеге ашық конкурс берілді. Құрылыстың басталуы – 2022 жыл.

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Сарат-Қырыққұдық-Тымабұлақ» 0-48 км автомобиль жолдарын орташа жөндеу «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, 0-12 км, 12-24 км, 24-36 км, 36-48 км бойынша 1712,682 млн теңгеге ашық конкурс берілді.

 

Байланыс және ақпарат, мемлекеттік қызмет көрсету

 

2021 жылы «Кселл» АҚ 3G жоғары жылдамдықты мобильді интернет желісін орнатты. Сонымен қатар «Сапа telecom» ЖШС әрбір тұрғын үйді, мемлекеттік мекемелерді радиорелелік байланыспен қамту үшін Mikrotik құрылғысын орнатты.

«Қазтелерадио» АҚ – ның қолдауымен цифрлық эфирлік телехабар тарату желісін енгізу мақсатында цифрлы теледидар құрылғыларын орнатуға Сарат ауылында жер учаскесі белгіленіп, құжаттары әзірленуде.

Ауылдық округ әкімдігі ғимаратында Электронды Үкімет порталы арқылы қызметтерді алу үшін өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

 

Ауылшаруашылығы саласы және ветеринария

 

01.12.2021 жылға ауыл шаруашылығының өндірілген жалпы өнім көлемі 1829,4 млн. теңге, биылғы жылы егін шықпай, өнім алынбауы себепті нақты көлем индексі 70,5% құрады.

Мал шаруашылығы саласына келетін болсақ, ірі қара мал саны 3459 басқа жетіп былтырғы жылға қарағанда 108 пайызға артты. Қой-ешкі 9440 бас (104,7%), жылқы 1620 бас (110,7%) құрады.

Ауылшаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі – 25,6 млн теңге. 2021-2022 жылдары мал қыстату кезеңіне қажетті 14,4 мың тонна мал азығы дайындалды, толық тасылды.

 «Әйтеке би НС» арқылы «Кенжебек-К» ШҚ 12,0 млн теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы  «Шын-Әли» ШҚ 11,0 млн теңге, «Бақыт» ШҚ 11,8 млн теңге несие алды.

Тұқымдық түрлендіруге қатысып отырған ірі қара малының аналық саны – 614 бас. Ірі қара малдың тауарлық аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізген 7 шаруа қожалығы 5020,0 мың теңге субсидия алды.

Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары бойынша есептен шығарылғаны: 5 трактор (жоспар - 1), 1 комбайн. Жаңадан 5 трактор (жоспар - 2), мал азығын дайындайтын техника  9 дана (жоспар - 3) сатып алынды. Жалпы сомасы 89,0 млн теңгеге ауылшаруашылығы техникалыры сатып алынды.

Әсім-Наз ӨК 2021 жылы 10,3 тонна ет тапсырды.

Жеке ауыл тұрғындарының қажетіне арнап пайдаланылатын мал жайылымдары ұлғайту үшін елді-мекеннің жер-шаруашылығы құрылымының жобасы дайындалып, қосымша 20013 га жер бөлініп, елді мекен жері 71018 га болды.

Мал дәрігерлік қамту шаралары бойынша жоспардағы белгіленген аурулардың барлық түрлері бойынша алдын алу-емдеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы ветеринария мамандары тапшылығы орын алып, шешу мақсатында 2021 жылы Ақтөбе ауылшаруашылығы колледжімен келісе жас мамандарды қысқа мерзімді курсқа оқыту арқылы қайта даярладық. Қазіргі таңда ветеринариялық дәрігер, фельдшер, ветеринар-санитар мамандармен толық қамтылды.

2021 жылы сібір жарасына 2100 мүйізді ірі қара (2020 жыл – 2100 бас), 5475 қой-ешкі (2020 жыл – 5500 бас), 1000 жылқы (2020 жыл – 1000 бас), пастереллезге 500 мүйізді ірі қара (2020 жыл - 350), 200 жылқы (2020 жыл - 200), туберкулезге 4000 мүйізді ірі қара (2020 жыл - 3500), нодулярлы дерматитке2000 мүйізді ірі қара (2020 жыл - 2100), қарасанға 1700 мүйізді ірі қара (2020 жыл - 1700) егілді. .

Сарып ауруына 2400 бас мүйізді ірі қара тексеріліп, оң нәтиже берген 14 бас жойылды (2020 жыл – 2047 бас тексерілді, 27 бас оң нәтиже), 3700 бас қой-ешкі тексеріліп, оң нәтиже берген мал басы анықталған жоқ.

Ауру малдар анықталған 258 шаршы метр 6 аула-қораларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

 

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

 

11 айдың қорытындысы бойынша жаңа жұмыс орындарына 40 (жылдық жоспар – 40 немесе орындалуы 100%) адам орналастырылды. Мемлекеттің қолдауынсыз жұмысқа орналастырылғаны – 50 (орындалуы – 91%).

«Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы 11 ай бойынша:

1 бағыты – техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету бойынша 1 адам оқуды аяқтады.

2 бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Бастау-Бизнес» 5 адам теңге мемлекеттік грант алды. (орындалуы – 166%).

3 бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 3 адам (орындалуы – 67%), жастар тәжіриебесіне 6 адам (орындалуы – 200%) жолданды. Жасыл ел еңбек жасағына 4 адам  қабылданды.

Мемлекеттік мекемелер бірыңғай электрондық еңбек биржасына тіркеліп, бос орындар туралы ақпараттар енгізілді. Барлық мекемелерге азаматтарды жұмысқа қабылдау аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жүргізілуде.

Мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көп балалы 3 отбасы алды.

 

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ішкі саясат

 

Жалпы орта білім беретін мектепте 73 оқушы білім алады.

Ұстаздар саны – 28. Жоғары санатты – 2, І санатты – 3, жаңартылған санат бойынша зерттеуші – 3, сарапшы – 3, модератор – 3.. Білім сапасы – 68%. Математика пәні бойынша 1 жас маман жұмыс жасауда.

Мектептегі компьютерлер саны - 16, бір компьютерге 4 оқушыдан келеді. шақыртылып, жұмыс жасауда.

«Ақ көгершін» МДҰ-да педагог саны – 5. Тәрбиеленушілер саны – 16.

Денсаулық сақтау саласы бойынша: диспансерлік есепте тұрғаны – 37 (ересек – 21, бала - 16), тегін дәрі дәрмек алатыны – 23. Осы кезеңде дүниеге келген бала – 8. Флюротексеруден жоспарлы өтеді, соңғы жылдары туберкулез ауруына шалдыққандар жоқ. Маммография – 24 әйел.

0-18 тексерістен – 116 адам өтті. Сарат ауылдық округі бойынша короновирус инфекциясымен ауырғандар жоқ.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, жарна төлейтін тұрғындарға түгендеу жүргізіліп, статусы анықталуда.

Ауылдық округте  ауылдық клуб, ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді.

2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауылдық клубты қоршау жұмыстары жүргізілді.  

Ауылдық кітапханада – 9195 дана кітап қоры, оның ішінде мемлекеттік тілде 7635 дана кітап бар. Жаңадан келген кітап саны – 108 дана (2020 жыл – 120 дана).

Туған жерге тағзым» жобасы аясында мектеп түлектерінің демеушілігімен «Туған өлкем, Сарат» стелласы орнатылып, мектеп ауласына қоршау жұмыстары жүргізілді.

«Кенжебек-К» ШҚ демеушілігімен ауылдық әкімшілік ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, жылыту жүйесі жаңартылды.

1 пошта қызметкері қызмет етеді, ауыл тұрғындары арасында баспасөзге (газет-журнал) жазылу толығымен орындалды. Ауылдық округте қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

 

Әкімнің ағымдағы жылға және жақын арадағы перспективаға арналған жұмыс жоспары

 

  1. Сарат ауылына газ құбыры желісі құрылысын жүргізу
  2. Ауыл тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету
  3. Көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу
  4. Шағын және орта бизнес субъектілері санын арттыру
  5. «Туған жерге тағзым» жобасы бойынша жобаларды іске асыру

 

 

 

Дата публикации
22 декабря 2021