ҚАРАБҰТАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ К.М.БАЙДРАХМАНОВТЫҢ 2021 ЖЫЛЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРЫ МЕН АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕБІ
Біз, 2021 жылды өте жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Осы жыл ерекше есте қалатын себебі еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Қарабұтақ ауылдық округі бойынша бір жылдық жұмысты саралап, сала саламен айтар болсақ.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Қарабұтақ ауылдық округіне Белқопа, Еңбекту, Жарөткел елді мекендері қарайды. Халық саны 3305 адам.
Округ бойынша 25 адам қайтыс болды (2020 жылы 24 адам қайтыс)
Аз қамтылғандар мен көпбалалы отбасыларға жыл ішінде 24 отбасыға 4 503 400 теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді. (2020 жылы 26 отбасыға 10 724 959 теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді )
Қарабұтақ ауылдық округі бойынша 2021 жылы 10 жас маман жастар практикасынан өтті. Жоспар бойынша 23 жас қамтылуы тиіс болатын. Осылай жоспар 43 пайызға орындалды. «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы 22 студент қамтылды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Қарабұтақ ауылдық округінде Қарабұтақ ауылдық амбулатория, екі медициналық пункт (Белқопа МП, Еңбекту МП) халық денсаулығын сақтау жолында қызмет көрсетуде. Қарабұтақ ауылдық округі бойынша флюрографиялық тексеруден өткен адам саны – 1056. 2021 жылы округ бойынша 64 сәби дүние есігін ашты.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Қарабұтақ ауылында мәдениет үйі және кітапхана халыққа талапқа сай қызмет көрсетуде. Мәдени шараларға байланысты мерекелер аталып өтіледі. Қарабұтақ ауылдық клуб жоспар бойынша 50 343 463 теңгеге күрделі жөңдеуден өтті.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
«Бастау» бағдарламасы бойынша 2 шаруа қожалық 8 млн. тг көлемінде несие алды. «Шапағат» ШҚ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 65 млн. теңгеге 100 асыл тұқымды (ақбас) ірі қара малын алды. «Қайсар» ШҚ «Әйтеке би» несие серіктестігі бағдарламасы бойынша 22 млн. теңгеге 50 асыл тұқымды герефорд ірі қара малын алды.
Қой шаруашылығы бойынша 4 шаруа қожалығы 33 440 000 теңгеге 824 бас ірі қара малын алды.
Жылқы шаруашылығы бойынша 3 шаруа қожалығы 68 300 000 теңгеге 126 бас жылқы малын алды.
«Жарық» шаруа қожалығы жылқы шаруашылығы бойынша теңгеге 200 бас асыл тұқымды (жабы) жылқы малын алды.
Қарабұтақ ауылдық округі бойынша 63 760 400 теңгеге 14 техника алынды.
КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ
«Бастау» бағдарламасы бойынша 11 жеке кәсіпкер 763.9 млн. тг көлемінде несие алды. 2021 жылы Қарабұтақ ауылдық округі бойынша 5 азамат жеке кәсібін ашты. Ауылдық округ бойынша 14 азамат 8 167 600 теңге көлемінде грант алды. Оның ішінде 7 адам мемлекеттік атаулы көмек алатындар.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Биылғы жылы Белқопа ауылына 46 190 000 теңгеге газ құбыры кіргізілді.
Жарөткел ауылына ауызсу ішілік су құбырын жүргізуге сметалық құжаттарын дайындалу үстінде.
2021 жылы 2 көшеге су жүргізіліп, 9 үйге су кіргізілді.
Самара - Шымкент» тас жолы бойынан жеке кәсіпкер Б.Аяпов қуаты жылына 400 тн.ет өнімдерін, тәулігіне 2000 литр сүт өнімдерін өндейтін ет, сүт өндіріс цехін салу жұмыстарын бастады.
2021 жылы Қарабұтақ ауылының жалпы ұзындығы 3329 метр болатын Ж.Балтеміров, Б.Момышұлы, Аманкелді, Н.Әлдекешов, С.Оразалин көшелерін құны 202,6 млн.теңге құрайтын 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (көшелерді асфальттау). Қарабұтақ ауылының жалпы ұзындығы 1300 метр болатын А.Жанкелдин көшесі құны 69,9 млн.теңге құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді (көшені асфальттау).
Аулды жасыл желектендіру мақсатында «Әкелер саябағына» 5000 түп көшет, ауылдың кіреберісінің екі жағына 500 түп тікқайын талдары отырғызылды.
Қарабұтақ ауылының 5 көшесі, оның ішінде: Жамбыл, Ш.Берсиев, Абай, Қ.Сәтпаев, Ә.Молдағұлова көшелері мен «Қызыл ту» елді мекені түнгі жарықпен жарықтандырылды.
Қарабұтақ ауылдық округінің барлық көшелеріндегі көне фонарларды жаңа фонарларға ауыстырылды.
Қарабұтақ ауылының Әйтеке би, Ө.Алдабергенов көшелерін құны 185,5 млн.теңге құрайтын көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі (көшелерді асфальттау). Сонымен қатар 5 көшеге Жамбыл, Қ.Сәтпаев, Б.Алманов, Б.Сисекенов, Ж.Есентеміров автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары бойынша жүргізу (көшелерді асфальттау) үшін жобалық сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) дайындау үстінде.
ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДАН ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨКІМ ШЕШІМДЕРМЕН ЖҰМЫС
2021 жылы ауылдық округ әкімі атына жеке тұлғадан 23, заңды тұлғадан 6, тұлғалардың жеке қабылдауынан 8 өтініш түсіп, барлығы тиісті мекемелер арқылы толық қанағаттандырылды. Сонымен бірге ауылдық округі әкімі тарапынан ағымдағы жылда 50 шешім, 127 өкім қабылданды. Жер мәселесіне байланысты 20 жеке тұлғадан түскен өтініштері қанағаттандырылды.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін білу масатында қойылған жәшіктерге ауылдық округ бойынша ешқандай өтініштер түскен жоқ.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША
2021 жылы ауылдық округ бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы тұрғындар өздеріне қажетті анықтамалар мен қызметтерді, электрондық сандық қолтаңбаны алып отырады.
ҚАРАБҰТАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ 2021 ЖЫЛЫ КӨРСЕТІЛГЕН НОТАРИАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК АЛЫМНЫҢ ЖЫЛДЫҚ МӘЛІМЕТІ
|
р/с
|
Нотариалдық қызмет түрлерінің атаулары
|
саны |
бірлік бағасы теңгемен |
мемлекеттік алымнан босатылғаны |
Жиыны теңгемен
|
|
1 |
Сенімхат |
169 7 |
292 278 |
6 0 |
47596 1946 |
|
2 |
Құжат, үзінді көшірмелерінің дұрыстығын куәлендіру |
33 5 |
146 139 |
1 5 |
4672 0 |
|
3 |
Қол куәлендіру |
54 |
88 |
1 |
4664 |
|
|
Барлық жиыны: |
268 |
- |
13 |
58878 |