Қызылжұлдыз ауылдық округі әкiмi А.А.Сатбековтің
«2021 жылғы атқарылған жұмыстары мен ауылдық округтің әлеуметтiк-экономикалық дамуы және алға қойған міндеттері туралы» есепті баяндамасының тезистері
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 жарлығын іске асыру мақсатында Қызылжұлдыз ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығара отырып, атқарылған жұмыстардың орындалуы жөнінде есебімді ұсынамын:
2021 жылғы есепті кезеңдегі ұсыныстар мен сұрақтар бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы:
Бюджет саласы бойынша
Ауылдық округ бойынша салық базасын кеңейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылға барлық салық жоспары – 1 136 000 теңгені құрап, орындалды. 2021 жылы «Жергілікті өзін-өзі басқару шотына» түскен қаражат көлемі – 1 136 000 теңге. Игеру бойынша – 578000 теңге көше жарықтандыруға электр қуатын жеткізуге игерілді.
Ауыл шаруашылығы бойынша
Малшаруашылығы. Ауылдық округ аумағында 31 жеке шаруа қожалығы, 1 АӨК тіркелген.
2020 жылмен салыстырғанда ірі қара 1,4%, жылқы 6%, қой-ешкі тұрақты.
Мал қыстату маусымына 13600 тонна шөп дайындалып, толығымен жеке және шаруашылық қыстақтарына тасылынып, қамтамасыз етілді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу бойынша ауылдық округте шаруашылықтар облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкелерге ет өнімдерін апарып сатты. 2021 жылы 341 бас ірі қара етке өткізілді.
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша
Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылдық округте ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу, мал тұқымын асылдандыру мен мал басын көбейту жұмыстары жүргізілуде.
«Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы бойынша:
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 2021 жылы 3 ауыл тұрғыны мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алып кәсіптерін кеңейтуде. «Нұрасыл» ШҚ басшысы Ертлеуов Шектибай 2,4(екі миллион төрт жүз) мың теңге несие алып 5 бас сиыр, «Айналайын» ШҚ басшысы Рахметова Сәуле 1,3 (он үш миллион) теңге несие алып 44 бас жылқы, Муратова Гулзат «Муслим» ШҚ ашып 4.0(төрт миллион) теңге несие алып 9 бас жылқы, сатып алды. «Азамат » ШҚ басшысы Макатайулы Женисбек, «Дархан» ШҚ басшысы Жетенов Нурбакыт, «Балжанай» Елеусизов Болатбек , «Акжол» ШҚ басшысы Айтжанұлы Алмат, «Рахым»ШҚ басшысы Абуталипов Балгабай лизингке техника сатып алды.
2021 жылы Қызылжұлдыз ауылдық округі бойынша мал бордақылау алаңына – 36 бас бұқашық тапсырылды.
Әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт
Қызылжұлдыз ауылдық округі бойынша 147 отбасы бар, халық саны- 812 адам. 228жас, 71 зейнеткер, 535 әлеуметтік белсенді халық. 2021 жылы дүниеге келген 10 бала. Округте аз қамтылған отбасылар жоқ. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны 2 адам.
2020 жылмен салыстырғанда халық саны тұрақты. Қайтыс болғандар саны – 4. 1 жас маман келіп жұмыс жасауда.
Ауыл жастарын спортқа бейімдеу, салауаттылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектептің спорт залында аптаның сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері спорттық шаралар тұрақты атқарылуда.
Елді мекенді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары
Ауылдық округ бойынша көктемгі – күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығына іс-шара қабылданып, (келісімдері бойынша) жұмыстар атқарылды.
«Жасыл ел» бағдарламасына бойынша 15 жас 1 ай мерзімге қосымша жұмысқа тартылды.
Көшелер мен елді мекен айналасында тазалау жұмыстары жасалып, сенбіліктер тұрақты жүргізілді. Қазіргі уақытта ауылда қоқыс үйінділері, бұзуға жататын объектілер жоқ. Барлығы тазартылып жұмыстар атқарылды. Ауылдың келбетін көркейту бағытында жұмыстар жалғасуда.
Туған жерге тағзым, түлек акциялары бойынша
2021 жылы аталған акция аясында ауылдық округте демеушілер және тұрғындардың қатысуымен ауқымды жұмыстар жүргізілді.
«Жақия» қоры Жақия Сарсенов мектебіне 1 800 000 теңгеге көмек көрсетілді.
Әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым бойынша:
Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында, елді-мекеннің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Аралтөбе ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты, ауыл толықтай таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтылған.
Шағын және орта кәсіпкерлік, әлеуметтік қолдау,
жұмыспен қамту
Округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолында жұмыстар атқарылуда. «Жұмыспен қамту-2021» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық округте кәсіпкерлікті дамыту бойынша жоспарлар құрылды. тұрғындарға шағын несие алып кәсіппен айналысуы үшін әрбір жиындарда нақты түсіндіріліп, жүзеге асуда. Округте 2 дүкен, 1 кафе тұрғындарға қызмет көрсетуде. Округте 17 жеке кәсіпкер тіркелген.2021 жылға жаңадан 4 жеке кәсіпкер ашылып тіркелді. Жыл сайын кәсіпкерлік субъектілер саны артуда.
Жұмыспен қамту бойынша 2021 жылы 10 адам тұрақты, 9 адам уақытша, 32 адам қоғамдық ақылы жұмысқа орналасты.
Аталған бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 3 жас маман 6 ай мерзімде жастар практикасынан өтті.