Құмқұдық ауылдық округінің әкiмi Е.Т.Амитованың
«Құмқұдық ауылдық округі бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстары мен әлеуметтiк-экономикалық дамуы және алға қойған міндеттері туралы» тезисі
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы
Құмқұдық ауылдық округінің экономикасының негізгі үлесі агроөнеркәсіптік кешеніне тиесілі. Ауылда 2-ЖШС-і, 2-СПК, 13–шаруа қожалығы, 21 кәсіпкер тіркелген. Өсімдік шаруашылығында 15 296 гектар жерге дәнді дақылдар, 3170 майлы дақыл егіліп жиналды. Мал шаруашылығында 175 тонна ет, мал бордақылау алаңдарына 158 бас бұқашық тапсырылды. Ауылшаруашылығы саласына 145,35 млн теңге инвестиция тартылды. Қарапайым заттар экономикасынан «Құмқұдық» ЖШС-гі ауылшаруашылық құрал-жабдықтарын алуға 110 млн теңгеге несие алса, мал шаруашылығын дамыту мақсатында ИП Узаков Сабит 4 млн теңге, ИП “Даян” – 4 млн теңге, ИП “Шуренов” – 4 млн теңге және «Еңбек» бағдарламасымен «Асхат» ШҚ 11,3 млн теңге, «Жаса» ШҚ 12 млн теңге несие алып, ірі қара малын сатып әкеліп шаруаларын жүргізуде.
Облыстан жем-шөпке бөлінген субсидиядан біздің шаруашылықтар 40,6 млн теңге, бордақылау алаңдарына мал тапсырып 5,4 млн теңге алды.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Әлеуметтік нысандар мектеп, балабақша, почта, амбулатория, клуб қалыпты жұмыс жасауда. Құмқұдық ауылдық округінде 232 аулада 1041 адам тұрады. Балабақшада 3 кезекші топта 45 тәрбиеленуші бар. Мектепте санитарлық қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіліп 226 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда.
Халықтың әлеуметтік әлсіз тобына қолдау көрсету мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда. «Құмқұдық» ЖШС-гі жыл бойына 1 млн 35 мың теңге материалдық көмек көрсетті. Атаулы әлеуметтік көмекті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көп балалы 19 отбасы алды.
Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 7 адам, дипломмен ауылға 1 маман, жастар тәжірибесіне 5 адам, жасыл ел еңбек жасағына 6 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 29 адам тартылды.
«Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқудан өтіп, жаңа бизнес идеяларын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындары Сәрсенғали Айдана, Еркунеков Сайлау және Сырымбаева Гульбахрам 583,4 мың теңгеден қайтарымсыз грант женіп алып, шаруаларын бастап кетті.
Елді-мекенді абаттандыру бойынша
Ауылды газдандыру жұмыстарына 2 817,0 млрд қаржы қаралды. Мердігер «Алия - Сервис» ЖШС-гі. Жоба 3 жылға жоспарланған.
25 км (10-23) көтерме тас жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 462,3 млн теңге бөлінді. Мердігер «АссанаДорСтрой» ЖШС. Орындалғаны 60%. Аяқталуы 2022 жыл.
(0-10) жобасына 344,5 млн теңге қаралды. Мердігер «МехРемСервис-Автоматика» ЖШС. Орындалғаны 10%. Аяқталуы 2022 жыл.
Көшелерді жарықтандыру мақсатында Ө.Канахин, Абай, М.Басжанов және Т.Жүргенов көшелеріне жобалық – сметалық құжаттамасы жасалып, бюджеттік сұранысы берілді.
Ауыл тұрғындарын жоғары және сапалы байланыспен қамтамасыз ету мақсатында оптикалық-волоконды желісі былтыр тартылғанды, биыл желіні күшейту мақсатында Қазақтелеком, Сапателеком, Кейсел мобильді байланыс операторлары тарапынан қосымша жұмыстар жүргізілді.
Ауылдың санитарлық тазалық жағдайын ретке келтіру жолында ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Типтік мал қорымын салу мақсатында «Құмқұдық» ЖШС-нің демеушілігімен жобалық – сметалық құжаттары жасалып, облыстық ветеринария бөліміне жолданды. Ауылды қоқыстан тазарту мақсатында бұзылған үйлердің орындары тазартылып, 4 мың тонна күл-қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қоқыс полигоні аумағын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Санитарлық тазалау жұмыстары алдағы жылы да жалғасын тауып, бақылауға алынатын болады.
Абаттандыру жұмыстарына келсек, жаздай балалар бос уақыттарын өткізетін воркаут пен ойын алаңы жасақталды. Ойын алаңы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 1993 жылғы туылған ауыл жастары орнатып берді. Осы акция аясында 2006 жылғы түлектер 9-мамыр қарсанында «Мәңгілік алау» ескерткішін жаңартып, айналасына абаттандыру жұмыстарын жүргізіп берді.
Жоғарыда айтылған атқарылған жұмыстарға қоса осы 2022 жылға келесі жұмыстар жүзеге асыру жоспарлануда:
Назарларыңызға рақмет, баяндама аяқталды.