2021 жылдағы Қайрақты ауылдық округі әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға қойылған  міндеттері туралы

2021 жылдағы Қайрақты ауылдық округі әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға қойылған  міндеттері туралы

         2021жылғы халық алдында есепті кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер жоспарланған іс-шаралардың  орындалуы төмендегідей:

  1. Ауыл орталығындағы ескерткіш алаңын қоршау жұмыстарын аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастар бөлімі арқылы саябақ қоршау құжаттарын дайындалып, алдағы жылы қоршау жұмысы аяқталады.
  2. Талдық-Қызылқұдық бағытындағы жолды қыру, тегістеу жұмыстары бойынша жолды қыру жұмыстары жасалынды.

3.Ұялы байланыс желісін орнату жұмыстары жүргізіп жатыр, сметалық құжаттары әзірлеліп, алдағы уақытта жұмыстары атқарылады.

                               Ауыл шаруашылығы саласы бойынша :

       Еліміздің дамуына үлес қоса отырып ауыл тұрғындарымен шаруа қожалықтары мал шаруашылығымен тұрақты түрде айналысып келеді, ауылдағы негізгі кәсіп мал шаруашылығы округ аумағында 22 жеке шаруа қожалығы және 1-ЖШС жұмыс жасайды.Ауылдағы жеке тұрғындармен ,шаруа қожалықтарында 1 қаңтар 2022жылға 3185 бас ірі қара, 1795 бас жылқы, 7681 бас қой, ешкі тіркелді. Әр отбасына шаққанда орта есеппен ірі қара -68 бастан, жылқы-38 бастан, қой мен ешкі -163 бастан келіп отыр.2021 жылы ауыл тұрғындары қала базарына 458 бас ірі қара, 1859 бас қой, 273 бас жылқы малы сатылып 270760000(екі жүз жетпіс  миллион жеті   жүз алпыс мың) теңгені құрады.

       2021 жылы Қайрақты ауылдық округі бойынша Мұғалжар ауданы Талдысай ауылынан «Ақшкөл»шаруа қожалығының басшысы Ессауиев Жалғас 3 (екі)бас, «Күнбай»шаруа қожалығының басшысы Нағыметов Алмат 4 (төрт)бас, «Жандос»шаруа қожалығының басшысы Байғожин Ерболат 4(төрт)бас асыл тұқымды бұқаны жалға алып, өз табындарына қосты. «Әбдіжан»шаруа қожалығының басшысы Алдияров Жұмабек Аралтоғай ауылы «Зеңгі баба» ЖШС-нен 4 бас асыл тұқымды бұқа сатып әкелді.

      Алдағы уақытта қалған шаруа қожалықтары да өздеріне бұқа сатып алып, малдарын асылдандыру жұмысын қолға алуы керек.

«Жандос» шаруа қожалығы Аралтоғай ауылы «Әділ» шаруа қожалығынан 5(бес) бас асыл тұқымды айғыр және 10(он) бас асыл тұқымды қошқар сатып әкелді.   Мемлекеттік   бағдарламасына қатысқан «Жандос» шаруа қожалығы басшысы Байгожин Ерболат   Қостанай облысынан 50 (елу) бас асыл тұқымды қашар,  Күнбай»шаруа қожалығының басшысы Нағыметов Алмат 50 (елу)бас асыл тұқымды қашар сатып әкеліп,мемлекеттік бағдарламаларды орындауға өз үлестерін қосты.

      Мал бордақылау алаңына шаруа қожалықтардан 5 бас  бұқашық тапсырылды.

      Қысқы мал азығы да уақытында дайындалып, ауылға тасылды. Көрші ауылдардан шөп тасып ауыл тұрғындарына жеткізілді. «Жолмағанбет» шаруа қожалығы басшысы Өткелбаев Тасболат шөп  шауып ауыл тұрғындарына көмектесті. Барлық мал түрлі жұқпалы ауруларға қарсы егіліп және олардан қан алынып тексеруге жіберіп отырады. Барлық ветернариялық іс шаралар уақытылы атқарылып және мемлекеттік деңгейде қадағаланады. Техника паркан жаңалау мақсатында «Даулет» шаруа қожалығы басшысы Шманов Гарифолла жүк тиегіш техникасын (фронтальды погрузчик) LW 300  FN өз қаражатына сатып алды. «Дастан» шаруа қожалығы  басшысы Кайруллин Дастан лизингке МТЗ-80 тракторын және шөп тиегіш сатып алып техникасын жаңалады. «Әбдіжан» шаруа қожалығы Алдияров Жұмабек өз қаражатына шөп шапқыш, шөп тиейтін құрылғыларын сатып алды. «Жандос» шаруа қожалығы басшысы Байгожин Ерболат  лизингкке  МТЗ-82 тракторын және шөп тиегіш құрылғысын сатып алды.

         Елді мекенде көктемгі-күзгі санитарлық тазалықта барлық мекеме қызметкерлерімен тұрақты тазалық жұмыстары жүргізіліп, елді мекен көшелері тазартылып келеді. Ауыл тұрғындарының көмегімен ауылға кіре берістегі жолға  тас- құмдар төселді, әр апта сайын сенбілік жұмыстары жүргізілді.Ауыл тұрғындары өз аулаларын қыстан жиналған күл қоқыстарын тазартып арнайы орынға апарды.  Биылғы жылы қоғамдық ақылы жұмысқа 2 (екі) адам жұмысқа тартылып, жастар практикасына 1 адам, Жасыл ел бойынша 1 бір студент санитарлық тазалық жұмыстарына атсалысты.

 2021 жылы, Ақтөбе қаласына  және аудан орталығында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне шаруа қожалықтары өз өнімдерін сатып, өнімдер халыққа төмен бағамен ұсынылды.

Телефон және телекоммуникация:

       Ауылдық округте пошта және Ақбұлақ сейсмологиялық станциясы жұмыс жасайды.Барлық тұрғын-үйлерде телефон байланысы орнатылған.        

             2021жылда өткізілген «Ұлттық халық санағы» бойынша Талдық ауылы онлайн режимде санақтан өтіп  жоспар 104% орындалды.     

Спорт және мәдениет саласы:

       Қайрақты ауылдық округі бойынша Талдық ауылдық кітапханасы жұмыс жасайды.Талдық ауылдық кітапханасында бір жылыту қазандығы жұмыс жасап тұр.Онда 4 адам жұмыспен қамтылып отыр.

1-қазан Қарттар күніне ауылдағы қарт кісілерге алғыс хаттармен сыйлықтар тарту етілді, Еңбек ардагерлері өздерін ұмытпай құттықтап, көңіл бөлгеніндеріне алғысын білдірді.

Білім беру саласы бойынша:

    Талдық негізгі мектебінде оқитын оқушылар саны 43 бала. Оларға 16 ұстаз сабақ беруде..

    Түлек .кз акциясы аясында 2021 жылы Талдық орта мектебінің түлектері   120мың теңге қаражат жинап қолдау көрсетті, сол қаражатқа мектепке қажетті құрал жабдықтар алынды,  Білім бөлімі COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында антисептик, коврик, кварц т,б қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырды.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдығы мерейтойына  орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға  кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атты байқауға қатысып жеңімпаз атанған мектебіміздің ұстазы Қазбекова Сәнсұлу марапатталды, төс белгі және куәлік берілді. Мектебіміздің 6 сынып оқушысы Қыдыр Гүлсерен ауданда өткен «Ер Едіге» жырын жатқа айтып «Qаzaq Epos» Республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған» байқауына қатысып 2 орынды иеленді және 100мың ақшалай сертификат берілді.

 

Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыз – өтініштер Мемлекеттік қызмет көрсету және электрондық құжат айналымы

 

           2021 жылы ауылдық округ әкімдіге жеке қабылдаулар жүргізілді.Уақытылы жауап беріліп, қанағаттандырылды.

     2021 жылы ауылдық округ әкімімен 30 нотариялдық қызмет көрсетілді.Өндірілген мемлекеттік баж салығы – 8148 теңгені құрады.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

      Дүние жүзіне тараған COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды сақтау үшін Қайрақты ауылдық округінде мобильдық топ құрылып, ауыл тұрғындарына түсінік жұмыстары жүргізілді,

        Талдық ауылы бойынша 1 медпункт жұмыс жасайды. Онда бір медбике, бір отжағатын,  бір тазалықшы жұмыс жасайды. Отынмен қамтылған. Жылу қондырғысы жұмыс жасап тұр.

        Биылғы жылы туылған бала саны -6 бала. . Олардың ата-аналары мемлекеттен берілетін бір жолғы жәрдемақыларын және 1 жасқа дейінгі төленетін бала күтіміне байланысты берілетін жәрдем ақыларын уақытысында алып отырады. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы жоқ. Флюрографиядан 109 адам өтті. Індетке қарсы 130 адамға екпенің екі компонентін алды.

Салық базасы бойынша:

Ауылдық округ бойынша 2021 жылға есептелген мүлік,жер және көлік салығы жоспар бойынша  100 пайызға орындалып отыр.Атап айтар болсақ мүлік салығы -4000тенге, жер салығы-14000 теңге және көлік салығы 623000теңге  салық түсімі түсті.

   Ауылдық округте тұратын тұрғындарда 35 жеңіл машина, 11 жүк тасымалдайтын машина, 30 трактор бар. Аталған көліктер тұрғындардың қатынау,қалаға мал сату және шөп шабу ,тағыда басқа қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді.

   Ауыл тұрғындары мерзімдік баспасөзге жазылу барысында үлкен белсенділік танытып үнемі қолдап отырады соның арқасында берілген тапсырмаларды орындап келеміз. «Жаңалық жаршысы» газетіне өткізілген іс-шаралар туралы мақалалар жарияланды.

2022 жылға істелетін жұмыстар:

  1. Ауыл орталығындағы ескерткіш алаңын қоршау жұмыстарын аяқтау,
  2. Талдық-Қызылқұдық бағытындағы жолды қыру, тегістеу жұмыстарына жоғары жақтың назарын аударту.

3.Орталықтандырылған ауыз су мәселесін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу,

4.Ауыл көшелеріне жарық орнату.

 

Дата публикации
22 декабря 2021