Жамбыл ауылдық округі әкiмi Г.З.Атымтаевтың
«2021 жылы атқарылған жұмыстары мен ауылдық округтің әлеуметтiк-экономикалық дамуы және алға қойған міндеттері туралы» есепті баяндамасының тезистері
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын іске асыру мақсатында Жамбыл ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығара отырып, атқарылған жұмыстардың орындалуы жөнінде есебімді ұсынамын:
2021 жылғы есепті кезеңдегі ұсыныстар мен сұрақтар бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы:
Бюджет саласы бойынша
2021 жылы аудандық бюджетінен бөлінген қаражат – 803 000 теңгеге «Қарлығаш» ШҚ ауыл қоқыстарын шығару жұмыстары атқарылды.
Ауыл шаруашылығы бойынша
Малшаруашылығы. Ауылдық округ аумағында 37 жеке шаруа қожалығы, 4 ЖШС, 7 ЖК тіркелген.
2021 жылы ірі қара саны – 827, қой-ешкі-1140 жылқы саны – 159 (ИСЖ базасы бойынша).
Мал қыстату маусымына 4,5 тонна шөп дайындалып, толығымен жеке және шаруашылық қыстақтарына тасылынып, қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу бойынша ауылдық округте шаруашылықтар «Алтынбек» ШҚ Тулебаев М. және «Тасболат» ШҚ Жылқыбаев Т. облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкелерге ет өнімдерін апарып сатты. «Айбек» ШҚ Умбеталин және «Алтынбек» ШҚ Тулебаев М. аудан орталығын шөп жәрмеңкесіне 400 тюк апарып сатты. Аудандық күзгі жәрмеңкеге ауылымыздың тұрғыны Б.Уайсова қатысып, өзінің ауыл шаруашылық өнімдерін сатты.
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша
Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауылдық округте ауыл шаруашылығына инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу, мал тұқымын асылдандыру мен мал басын көбейту жұмыстары жүргізілуде.
Майоров Владимир ірі мал басын көбейту бағыты бойынша, Ковтун Оксана тігінші ретінде жұмыс жасауға грант ұтып алды.
Әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт
Жамбыл ауылдық округі бойынша 140 отбасы бар, халық саны- 660 адам, 165жас, 60 зейнеткер, 495 әлеуметтік белсенді халық. Өткен халық санағы бойынша 472 адам тіркелген. 2021 жылы дүниеге келген 3 бала. Қайтыс болғандар саны – 3. Округте аз қамтылған отбасылар жоқ. 2021 жылмен салыстырғанда халық саны тұрақты.
Ауыл жастарын спортқа бейімдеу, салауаттылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектептің спорт залында аптаның сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері спорттық шаралар тұрақты атқарылуда. (сәрсенбі, сенбі кешкі уақытта ауыл жастары воллейбол ойнайды).
1 қазан қарттар күні мерекесіне орай жеке кәсіпкер Тулеубаева Мария Ойлбаевна мен ауыл әкімшілігінің демеушілігімен ауыл қарттарына әлеуметтік көмек көрсетілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай ҚР ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұжымы және «Жамбыл-С» ЖШС басшысы С.Жалгасбаевтың демеушілігімен кейбір отбасыларға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Елді мекенді көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары
Жамбыл ауылдық округі бойынша санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді, Ярослав богеті, ауыл көшелері және ауыл зират маңы тазартылды. 30 түп ағаштар отырғызылды. Ауыл тұрғындарының қыстан шыққан қоқыстары 400 тоннаға жуық өздерінің көліктерімен белгіленген Полигонға шығарылды.
Туған жерге тағзым, түлек акциялары бойынша
2021 жылы аталған акцияға тарту аясында ауылдық округте демеушілер және тұрғындарды қатыстыруға жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Туған жерге – тағзым» акциясы аясында «Жамбыл-С» және басқа да шаруа қожалықтардың демеушілігімен 4 млн теңгеге Плотина бөгеті қалпына келтірілді. Жалғыз басты қарт кісілердің үйінің маңын тазарту жұмыстары және қысқы мезгілге жағылатын отын пештерінің тазарту, пеш мүржелерін сылау жұмыстары жасалып көмек көрсетілді,
иесі жоқ бос жатқан 3 үйдің маңын күл – қоқыстан тазартып, үйдің сыртын ақтап ретке келтірілді. Мектеп ауласындағы Тыңгерлерге қойылған ескерткіш ақтау, бояу жұмысы жүргізілді.
«Түлек.кз» акциясы аясында 2003 жылы бітірген қазақ класс түлектері «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан» атты 50 000 мың тенгеге мерекелер стенд жасатты.
Әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылым бойынша:
Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында, елді-мекеннің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл ауылының әлеуметтік-экономикалық жағдайы тұрақты, ауыл толықтай таза ауыз сумен және көгілдір отынмен қамтылған.
Шағын және орта кәсіпкерлік, әлеуметтік қолдау,
жұмыспен қамту
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолында жұмыстар атқарылуда. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдық округте кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2 адам шағын несие алды. Кәсіппен айналысуы үшін әрбір жиындарда нақты түсіндіріліп, жүзеге асуда. Округте 3 дүкен, 1 дәріхана тұрғындарға қызмет көрсетуде.
Жұмыспен қамту бойынша 2021 жылы 4 адам тұрақты, 15 адам уақытша, 17 адам қоғамдық ақылы жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмысқа орналасқан 6 адам.
2022 жылға жұмыс жоспары
Жамбыл ауылдық округі бойынша 2022 жылға инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жоспар.