Жабасақ ауылдық округінің әкiмi Ә.Акмурзинның
«Жабасақ ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» есепті баяндамасының тезисі
Жабасақ ауылдық округі бойынша халық саны 1068 адам, қазір халықтың ауылдан үдере көшуі тоқтатылды,керісінше биыл 2 отбасы көшіп келді, 2021 жылы 19 бала дүниеге келді, бұл өте қуантарлық жағдай, табиғи өсім бар.
Білім саласы бойынша 3 мектеп бар, мұғалімдермен толық қамтылған, яғни оқу-тәрбие үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалған.
Мәдениет саласы бойынша 1990 жылы салынған ауылдық клубқа 2022 жылы күрделі жөндеу өткізілмек. Жоспарланған мәдени шаралар өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аудан орталығында Жабасақ ауылының мәдени күні өте жоғары деңгейде өткізілді, клубта әжелер тобы, жас бишілер, көркемсөз оқушылар үйірмелері жұмыс жасайды.
Денсаулық саласы бойынша 3 медпункт халыққа қызмет көрсетуде, Жабасақ медпунктінің жылуы электр жүйесіне қосылды, медпункт жедел жәрдем автокөлігін ауыстыру бағытында жұмыстар жүргізілуде, күнделікті қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтылған.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша округте 32 шаруа қожалық бар. Биылғы қуаңшылыққа қарамастан жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтежиесінде ауыл халқы шөппен толық қамтылды. Аққұмда бөгет құрылысы басталды. Мемлекеттің қолдауымен биылдың өзінде 9 жаңа трактор, шөп буушы қондырғылар, «Бекболат» шаруа қожалығы сүт сауатын мех.аппарат сатып алды, «Мұратбек», «Айдынбай», «Дөсек» шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарламаларға қатысып 160 млн.тг несие , 7 ауыл тұрғыны қайтарымсыз грант алды. Бұл салада атқарылатын кешенді шаралар көп: атап айтсақ екпе шөптермен айнылысу керек, жайылымдарды игеруді қолға алу керек, себебі қазір малдың бәрі қысы-жазы ауылдан өреді, бұл бір жағынан жайылым тозуына және мал ауруларының пайда болуына жол ашады. Жоспарға сәйкес ветеринариялық шаралар өз деңгейінде жүргізілді.
Байланыс, жол, сумен қамту бойынша биыл ауылға жоғары жиелікті Билайн интернет желісі, мекемелерге қызмет көрсетіп Вай-фай желісі қосылды, енді Аққұммен екі ортаға байланыс мұнарасы орнатылды. Аққұмға жүргізілетін су жүйесі құжаттары дайындалды. Ь Қысқы маусымда ауылдарға баратын және ауыл іші көшелерін «Гроза» мекемесі техникалары сапалы жүргізілді, болашақта осы мекемемен бірлесіп жұмыс жүргіземіз.
«Туған жерге тағзым», «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаларды жүргізу Жабасақ аумағында жоғары ұйымшылықпен өтуде.
Ауыл жастарының бастамасымен орталық саябақ іске қосылды, енді осы саябақта орналасқан Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішті жаңғыртсақ, саябақ ішіне демалыс, мәдени шаралар өткізетін жазғы сахна салу жоспарлары бар. Сондай-ақ Аққұм ауылындағы игі бастамаларады да қолдап, сол ауылда ескерткіш қойылған алаңды да көркейтіп ұлғайтсақ деген шараларды жүзеге асыру жоспарымызда бар.
2021 жылы 80-дей қалада тұратын жастар ауылға келіп ауқымды мәдени-спорттық шаралар өткізілді. Ауыл жастарының демеушілігімен мектепке, бала-бақшаға қомақты көмек жасалынды, бұл игі істер алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.
Ауыл келбеті бойынша: 2021 жылы мемлекет қаражаты есебінен ауыл маңындағы бұрыннан бей-берекетсіз төгілген тұрмыстық қалдықтар шығарылды, сенбіліктер ұйымдастырылды, 300 түптей ағаш егіліп, тұрақты суарылып күтіп-бапталды, үйлер маңы заман талабына сай қоршалынып абаттандырылуда.
2022 жылға алға қойған міндеттер: