Әйке ауылдық округі әкімі Н.Т.Смагуловтың
«Әйке ауылдық округі бойынша 2021 жылғы атқарылған жұмыстары мен әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» есепті баяндамасы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығын жүзеге асыру мақсатында Әйке ауылдық округінің әкімі есебін ұсынамын:
Қазіргі таңда Әйке ауылдық округіне қарасты Әйке, Тереңсай елді мекен 2021 жылдың 1 қаңтардағы санақ есебіне сәйкес тұрғын үй саны – 373 (204/169) үй және 1989 (1160/829) адамды құрайды.
Әлеуметтік сала, білім, денсаулық сақтау.
Ауылдық округ аумағында үздіксіз 10 әлеуметтік мекеме және жылжымалы «Қазпочта» бөлімшесі, цифрлы «Қазақтелеком» байланыс желісі, сонымен қатар ұялы байланыс операторлары жұмыс жасап тұр.
106 мұғалім, 70 кіші қызметкер, 18 маусымдық жұмысшы жасайды.
2021 жылда бала туу көрсеткіші – 24 (Әйке-14, Тереңсай - 10), қайтыс болғандар саны – 17 (Әйке – 9, Тереңсай – 8) адам.
Ауыл шаруашылық саласы
Қазіргі таңда нақты жұмыс жасап тұрғаны 35 шаруа қожалық бар. Оның ішінде 20 мал шаруашылығы, 15 егін шаруашылығы бағытында жұмыс жасайды. Барлық шаруашылық жұмысшыларын қосқанда 92 адам жұмыспен қамтылған.
2020 жылы 23 шаруа қожалығы егін екті. Барлығы уақтылы өнімдерін жинап алды. Ал, шөп шабу бойынша шамамен 18 000 тонна шөп шабылып, тұрғындарға, қыстақтарға уақтылы тасып алынды.
Ауылдық округ бойынша барлығы: 4228 бас ірі қара, 5053 бас ұсақ мүйізді, 887 бас жылқы, 4714 құс бар.
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар:
Ауылдық округінің сайлауалды жоспарының орындалуы жөнінде:
Ауыл тұрғындардың тарапынан келіп түскен арыз-шағымдар бойынша
Әйке ауылдық округі бойынша 2021 жылы барлығы 17 арыз келіп түсіп, «Айқын» бағдарламасына тіркелді. Оның ішінде 13 арыз жеке тұлғалардан және 4 арыз заңды тұлғадан. Тіркелген барлығы қанағаттандырылды.
Ағымдағы жылға және жақын арадағы перспективаға арналған жұмыс бағдарламасы
- Әйке ауылының Ж.Жабаев, Д.Қонаев, Ш.Берсиев, Ы.Алтынсарин көшелеріне ағымдағы жөндеуден өткізу;
- Әйке ауылына спорт кешенін салу;
- «Айгөлек» МДҰ және Әйке клубын күрделі жөндеуден өткізу;
- шағын және орта бизнесті дамыту;
- Тереңсай ауылының Әбілқайрхан көшесіне көше жарықтандыру жүргізу;
- Тереңсай ауылындағы саябаққа балалар алаңын орнату;
- Тереңсай ауылының кіре берісінің және Б.Майлин көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу.