Темірбек Жүргенов ауылдық округінің жалпы сипаттамасы

Темірбек Жүргенов ауылдық округінің жалпы сипаттамасы

  1. Округтің жалпы сипаттамасы

 

         Әлеуметтік – демографиялық жағдай. Ауылдық округте тұрғындар саны 7906 адам. Биылғы жылы округ бойынша 174 бала туылған, қайтыс болғандардың жалпы саны – 70 адам. Округтің құрамына Темірбек Жүргенов және Талдысай елді мекендері кіреді. Жұмыспен қамтылған ауыл халқының негізін бюджеттік мекемелер, ауыл шарушалығы, теміржол салалары, шағын  және орта бизнес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және жеке кәсіпкерлер құрайды.

         Темірбек Жүргенов ауылында халыққа 54 дүкен, 1 шағын көтерме сауда орталығы, 6 сауда үйі, 2 орталық монша, 4 шаштараз, 1 кемпинг, 7 кафе,2 тойхана, 1 жанар-жағар май құю «ҚазМұнайГаз» АҚ, 2 газ толтыру бекеті, 1 мешіт қызмет етеді.

                  Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту: Ауылдық округ бойынша 72- шаруа қожалық жұмыс жасауда, 33 - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, 383 - жеке кәсіпкерлер және 4 Ауылшаруашылық Өндірістік Кооперативтері шаруаларын жүргізуде. Атамекен кәсіпкерлік палатасы «Бастау – Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламасы бойынша «Жас кәсіпкер» жобасын бітіріп, бизнес жоспарын қорғап, 200 МРП 583 600 теңгелік мемлекеттік грантына Темірбек Жүргенов ауылдық округі бойынша 58 адам ие болды.

         «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының  1-ші бағыты бойынша Темірбек Жүргенов ауылдық округі бойынша 23 адам Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қайта даярлауды оқып, яғни аспазшы, слесарь, газ жабдықтаушы, тігінші және дәнекерлеуші мамандықтары бойынша куәліктерін алып, жұмысқа орналасты, тұрақты жұмысқа орналаспағандары қоғамдық ақылы жұмысқа алынды.

         Бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздегі оқытуға 40 адам қатысты. 2021 жылдың 11 айына 6 ауыл тұрғыны несие алып, мал шаруашылығын дамыту және басқада бағыттар бойынша кәсіп етуде. Жалпы алынған несие құны 29 00000(жиырма тоғыз млн) теңгені құрайды.

         Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 31 жұмысшы алынды.

         Сонымен қатар, республикалық бюджеттен 30628,0 (отыз млн алты жүз жиырма сегіз мың) теңге қаражат бөлініп, аудан мекемелеріне 48 жас маман жастар тәжірибесінен өтіп, 72925 теңге көлемінде айлық жалақы төленді.

 

 

 

 

Ауыл жолдары

 

Ауылдық округтің автокөлік жолдарының ұзындығы – 40,374 км,

 2020 жылы Темірбек Жүргенов ауылында 7 көшеге орташа жөңдеу жұмыстары, 2 көше «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөңдеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы М.Әуезов, Ардагерлер, Былшық би, Кооператив, Парковая, Ө.Канахин,  Комсомол көшелеріне жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

 

         Темірбек Жүргенов ауылдық округі бойынша «Қайнар» КМК су мекемесі ауылдық округ тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етеді.

         Қазіргі таңда Темірбек Жүргенов ауылы 97% табиғи газбен қамтылған. 2020 жылы Талдысай ауылына газ құбыры қосылды. Қазіргі уақытта Талдысай ауылында 250-ге жуық үй, Темірбек Жүргенов ауылында 1450 үй газ кіргізді. Газ құбырларының техникалық жағдайы қалыпты.

 

  Бюджет кірістерін толықтыру: 2021 жылдың 08 желтоқсанына арналған салық жоспары: «Жергілікті өзін-өзі басқару» шотына 21278,5  мың теңге қаражат түсті, жоспар 21554,0 мың теңге болды, бұл 98,7 %-ды құрады, оның ішінде: Жеке тұлғалардың мүлік салығы – 445,0 мың теңге, нақты түскені –447,1 мың теңге, жеке тұлғалардың мүлік салығы 100,4 %-ға орындалды;

Жер салығы жоспар бойынша – 100,0 мың теңге, нақты түскені 126,5 мың теңге, жер салығы 126,5 % -ға орындалды.

Көлік салығы, жоспар бойынша 12709,0 мың теңге, нақты түскені 12231,0 мың теңге, көлік салығы 96,2 %-ға орындалды.

Жеке табыс салығы 8 300,0 мың теңге, нақты түскені 8473,8 мың теңге, жеке табыс салығы 102 %-ға орындалды.

 

Сонымен қатар басқа түсімдер бойынша – 596,9 мың теңге.

 

Ауыл шаруашылығы: Темірбек Жүргенов ауылдық округінде «4» ЖШС мен «64» шаруа қожалығы тұрақты деңгейде дамуда. Темірбек Жүргенов ауылдық округінің жерінің жалпы аумағы 228810 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі 148091 гектар. Өткен жылы «62885» гектар жерге дәнді дақылдар, бақша дақылдары, көкөніс егілді.

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында Аудандардың ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Темірбек Жүрегнов ауылдық округінен ірі қара мал, құрт, ірімшік, май, қаймақ, сүзбе секілді өнімдер апарылды.

 

  Білім беру: Ауылдық округте «4» орта мектеп, оның ішінде «3» қазақ тілінде, орыс тілінде оқытатын «1» мектеп, саз мектебі, көп салалы колледж, спорт мектебі, 3 мектепке дейінгі мекеме, 1 балаларды сауықтыру санаторийі, «Таңшуақ» мемлекеттік жеке серіктестіктер бағдарламасы (ГЧП) бойынша 1 балабақша бар. Сонымен қатар Темірбек Жүргенов ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс істейді, 2007-2011ж. Балалар жаттығатын «Ақтөбе» ФК филиалы бар, мекетептер телефон байланысына ие және Интернетке қосылған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі мекемелерде 100% қамтамасыз етілген.

         М.Жұмабаев атындағы мектепте шағын футбол алаңы және жаттығуларға арналған спорт алаңы, сонымен қатар ІТ-сынып жұмыс істейді.

         Мектеп оқушылары әртүрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда, олимпиадаларда өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып, жақсы нәтижелер көрсетуде.

 

Деңсаулық сақтау саласы: Темірбек Жүргенов ауылдық округі бойынша Әйтеке би аудандық орталық ауруханасы мен Талдысай ауылдық дәрігерлік емханасы медициналық қызмет көрсетуде. Ауыл халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін 3 дәріхана жұмыс жасайды. Орталық аурухана қазіргі заман талабына сай қажетті құралдармен жабдықталған.

 

Мәдениет, спорт саласы бойынша Спорттық обьектілерде сабақтан тыс уақыттарда барлық жастардың волейбол, футбол, үстел теннисі спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік бар. «Ақтөбе» футбол клубы филиалының футболшылары, филиалдар арасында өтіп жатқан чемпионаттарда жүлделі оралып жүр.

         8 - қазан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әйтеке би ауданында 2011-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы «Ақтөбе» футбол клубтарының «Алтын бидай» ашық турнирінің ашылуы өтті. Алғаш рет облыстық деңгейде ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе облысының әрбір аудандарынан 12 команда келіп қатысты.

         16-17 - қазан күндері аудан орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шағын футболдан +35 жастан жоғары спортшылар арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

         26 - қазан күні Әйтеке би ауданы жастарының ұйымдастыруымен футболдан қайырымдылық жарысы өтті. Шараға аудан орталығы мен ауылдық округтің жастарынан құралған 21 команда қатысты.

 

Елді мекенді көркейту: Ағымдағы жылы көгалдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілді. «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында сенбіліктер өткізілді. 17 сәуірден басталған акция әр сенбі сайын ауылдық округте өткізілді. 02-қыркүйектен 06-қарашаға дейін Темірбек Жүргенов ауылдық округінде күзгі сенбілік жұмыстары өткізілді.       Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы скверді абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Темірбек Жүргенов ауылының кіре берісіне T.ZHURGENOV AUYLY QOSH KELDINIZ кіші архитектуралық формасы орнатылды.

         М.Жұмабаев атындағы орта мектептің стадионы талапқа сай күрделі жөңдеуден өтті. Шаңы бұрқырап жататын футбол алаңына жасанды төсеніш төселіп, талапқа сай түрлі сызбалар жасалды.

         Ә.Молдағұлова көшесі бойындағы сквер демеушілік көмегімен абаттандыру жұмыстары жүргізілді. ( Сквер бойы 0,9 га жер бойы асфальтталып, скамейкалар, әткеншектер және демалыс орны).

         Ә.Жангелді көшесінде орналасқан 2 пәтерлі 2-тұрғын үй құрылысы аяқталып, үй кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға берілуде.

 

Дата публикации
22 декабря 2021